Израиль

Таяу Шығыс елі From Wikipedia, the free encyclopedia

Израиль
Remove ads

Израиль (ивр. יִשְׂרָאֵל‎, араб.: إِسْرَائِيل‎), ресми — Израиль мемлекеті (ивр. מְדִינַת יִשְׂרָאֵלМединат Исраэль, араб.: دَوْلَة إِسْرَائِيلДаулят Исра’иль) — Таяу Шығыс елі, Азия мен Африканы қосып тұр. Георафиялық орналасуы бойынша мемлекет Азияның оңтүстік-батысында орналасқан.

Quick facts Тарихы, Мемлекеттік құрылымы ...

БҰҰ Бас Ассамблеясының 1947 жылғы 29 қарашадағы Палестинаны бөлу жөніндегі шешімі бойынша берілген жер көлемі 14 мың км², ал 1948–1949 жылдары араб-израиль соғыстары барысында басып алған жерлерін қосқанда 20.7 мың шаршы километр.

Remove ads

Тарихы

Израиль жері — ежелгі мәдениет гүлденген аймақ. Еврейлер өздерін осы аймақты мекендеген ежелгі ұлт деп есептейді.

Ежелгі мемлекеті

Израиль мемлекеті еврейлік дәстүрмен Израль халқына мұраға қалдырылған Израиль елінде пайда болған. Бұл Исаның дүниеге келген және мұсылман дінінің елшісі Мұхаммедтің көкке көтерілген жері. Иса Израиль елін римдіктер басқару кезінде дүниеге келген. Біздің заманымыздың IV ғасырында Израиль елі көпшілік санасына Қасиетті Жер ретінде қалыптаса бастады. Елде көптеген шіркеулер мен монастырлер салынды. Мұнда қасиетті тастар сақталады. Израиль Исраилдың құрметіне қойылған.

640 жылы Израиль елі Омар халиф әскерімен жауланды. Арабтардың жаулап алуы Израиль елінде мұсылман билігінің бастамасы болды. Осы кезде мәдениет пен діннің алмасу үрдісі басталды. Мұсылман дәстүрі бойынша Иерусалим қаласы қасиетті болып есептеледі, себебі, Мұхаммед елші осы қаладан көкке кеткен. Егер басында мұсылман арабтары христиандықтарға Иерусалим қаласына кіруге рұқсат берсе, XI ғасырдан бастап Иерусалимге христиандарға кіруге рұқсат бермеді. Осы кезде II Урбан Папасы Еуропа рыцарьларын жинап, мұсылман қоластынан қасиетті жерлерімізді аламыз деген ұранмен Крест жорықтарына шықты. Осылайша 1099 жылы Иерусалим қаласын басып алды. 1187 жылы Египет пен Сирия әскері жорықшыларды талқандап, мәмлүктердің билігін орнатты. Израиль елінің тарихында ерекше орын алатын Наполеон Бонапарттың Шығысқа Египеттік жорығы немесе Таяу Шығыс жорығы болды. Наполеонның қасиетті жерге келуі еуропалықтардың көзін қайта ашты. Олар енді аймақтың экономикалық және стратегиялық маңыздылығын қайта аңғара бастады.

Remove ads

XX ғасыр

Қазіргі Израиль мемлекеті 1947 жылғы 29 қарашадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы шешімі негізінде 1948 жылғы 14 мамырда өз тәуелсіздігін жариялаған. Оған бұрынғы Палестина жерінің 56%-ы (14 мың шаршы километр) беріліп, Израиль мен оның төңірегіндегі аймақ бейтарап зона деп жарияланды. Жаңа мемлекет құрыла салысымен оған қарсылық ретінде бірнеше араб мемлекеті басып кірді. Соғыс 1 жылдан аса уақытқа созылып, Израильдің пайдасына шешілді. Ол басқа елдердің қарсылығына қарамастан, БҰҰ шешімімен арабтық Палестина мемлекетіне берілген жердің көп бөлігін (6,7 мың шаршы километр) және Иерусалим қаласының батыс бөлігін басып алды. Израиль басып алған жерлерінен 1 миллионнан аса арабтарды қуып жіберіп, БҰҰ-ның 1948 жылғы 11 желтоқсанда шығарған босқындардың отандарына қайтып оралу құқы туралы қарарын орындаудан бас тартты.

1949 жылы Израиль Мысырмен (25 ақпан), Ливанмен (23 наурыз), Иорданиямен (3 сәуір), Сириямен (20 шілде) уақытша бітім жасасты. Бірақ арабтармен екі арада соғыс тоқтатылған жоқ.

1956 жылы Израиль Ұлыбритания және Франция жағында Египетке қарсы соғысты.

1967 жылғы маусымда Мысырға, Сирия мен Иорданияға тұтқиылдан шабуыл жасап, жеңіске жетті де, арабтардан Синай жарты аралын, Газа секторын, Иордан өзенінің батысын, Иерусалимнің арабтық бөлігін, Голан жотасын басып алды.

1973 жылғы қазанда қайта басталған Израиль мен араб елдері арасындағы соғыс БҰҰ-ның талабымен желтоқсан айында тоқтатылды.

1975 жылы Синайдан әскерді әкету туралы Египетпен арада келісім жасалынды. 1978 жылы Кэмп-Девидте (АҚШ) Египет пен Израиль арасында тағы келісім жасалып, Египет Синайды өзіне қайтарып алды.

1980 жылы Израиль үкіметі Иерусалимді «өзінің біртұтас және бөлінбес астанасы» деп жариялап, Сирия жері болып табылатын Голан жотасын өзіне қосып алғандығын жариялады. Бұл әрекет БҰҰ тарапынан заңсыз деп айыпталды.

1981 жылы Израиль мен АҚШ арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

1982 жылғы маусымда Израиль әскерлері Ливанға басып кіріп, астанасы Бейрут қаласын қоршауға алды және онда тұрған Палестинаны Азат ету ұйымының қарулы жасақтары штаб-пәтерін елден кетуге мәжбүр етті. Ливанның оңтүстігіне басып кірген әскер тек 2000 жылы кері шығарылды.

1995 жылы Газа секторы автономияға қол жеткізді. Дегенмен әлі де араб елдерімен арада бейбіт келісімдерге қол жетпей отыр.

Remove ads

Географиясы

Табиғаты

Израиль теңіз жағалауында, 500–1000 метр биіктіктегі таулы қыратта орналасқан. Климаты субтропиктік. Солтүстік жауын-шашынды, оңтүстікке қарай жартылай — шөл және шөлейтті. Солтүстік-шығысында Иордан өзені ағып жатыр. Ұсақ өзендері жазда құрғап қалады. Жері пайдалы қазбаларға, өсімдіктер дүниесіне кедей. Үлкен ормандар жойылып кеткен.

Солтүстігінде Ливанмен шекараласады. Солтүстік-шығысында Сириямен, шығысында Иорданиямен, ал оңтүстік-батысында Мысырмен шекараласқан. Батысында Жерорта теңізімен шектеседі (жағалау сызығы – 230 км), оңтүстігінде Қызыл теңізбен шектескен (жағалау сызығы – 12 км). Ортақ ауданы шамамен 21 643 шаршы метр.

Remove ads

Климаты

Израиль климаты әртүрлі болып келеді. Елдің орталық және солтүстік бөліктерінде жерорта теңіздік климат, яғни, ыстық жаз бен жаңбырлы қыс. Израильдің оңтүстік және шығыс аумақтарында шөлді климат. Шөл мен теңізге жақын аудандарда жартылай құрған зона. Күз бен көктем елге келуге ең ыңғайлы кезең. Жазы ыстық. Шілде-тамыз айларындағы орташа температура 24–28°С, Гхор ойпатында 36°С-ке дейін. Қысы жылы, оңтүстік-батыста қаңтардағы температура 6–14°С, ал қалған өңірлерде 18°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері Гхор ойпаты мен Негев шөлінде 100 – 200 мм, кей жерлерде тіпті 100 мм-ге дейін, таулы жерлер мен Жерорта теңізі жағалауларында 400–800 мм. Жауын-шашын, негізінен, қыс айларында болады.

Remove ads

Ландшафт

Израиль негізінен үш регионға бөлінеді: теңізге жақын орналасқан теңдік, таулы регион және Иордан даласы. Теңіз теңдігі – елдің батыс бөлігі. Ал шығысына таман қыраттар бар. Таулы район солтүстігіндегі Ливаннан бастап оңтүстігіндегі Эйлат шығанағына дейін созылған және теңіз теңдігі мен Иордан даласының ортасында жатыр. Таулы аймақтың сольүстігіндегі климат жерортатеңіздік, жаңбырлы, ал оңтүстігінде шөлейт. Самари және Иудей қыраттарының солтүстік бөліктері сәйкесінше Самари мен Иудей шөлдеріне ұласады. Иордания даласы солтүстігінде Метуладан бастап оңтүстігінде Қызыл теңізге дейін жалғасып, бүкіл Израильді басып өтеді. Иордан Израильдің ең үлкен өзені. Ол Иордан даласы арқылы ағып жатыр. Иордан өзені өз жолында Киренет өзенін және тұзды Өлі өзенді қосады.

Remove ads

Флора мен фауна

Израиль климаттық және географиялық зоналардың ортасында болғандықтан флора мен фаунасы өте бай. Оның флорасында 2380-ге жуық өсімдік түрі кездеседі, ал олардың кейбіреулері өз кезегінде тек Израильде ғана кездеседі. Шөлейт жерлерде өімдіктер сирек кездеседі. Израиль фаунасы мөлшермен 100-ге жуық жабайы суқоректілерден тұрады. Израиль территориясында 510 құс түрі кездеседі, олардың көбісі жыл құстары. Израиль «бөтелке ауызы» тәрізді жыл құстары ұшатын жер, яғни, теңіз бен шөлейттің арасындағы миллиондаған құстардың солтүстіктен оңтүстікке және оңтүстіктен солтүстікке қарай ұшқандағы демалыс орны болып табылады. Қызыл теңіздің суасты әлемі де тропикалық балықтар мен түсті кораллдарға бай.

Remove ads

Экономикасы

Израиль дамыған аграрлы-индустриальды ел. 1995 жылғы есеп бойынша, жылдық ұлттық табыс 70 млрд. доллар шамасында, әр адамға шаққанда жылдық табыс мөлшері — 14,4 мың доллар. Елде меншіктің үш түрі (жеке меншік, мемлекеттік, кооперативтік кәсіподақтық), әскери өнеркәсіп жақсы дамыған. Дегенмен Израиль экономикасы, негізінен, сырттан АҚШ пен Еуропа Одағы елдері тарапынан қаржыландырып отырады. Қорғанысқа ұлттық табыстың 15%-нан астамы жұмсалады. Елде жыл сайын сырттан келетін еврей ұлтты иммигранттарға қолайлы жағдай туғызылған. 1983–1996 жылдары елге ТМД елдерінен 800 мыңнан астам адам келіп қоныстанды. Экономикадағы өнеркәсіптің үлесі — 21%, ауылшаруашылығы — 3%. Елде медициналық электроника, байланыс құралдары, компьютерлер шығару жақсы дамыған. Оған қоса металл өңдеу, машина жасау (кеме мен авиация, әскери техникалар шығару), электротехника, химия, алмаз өңдеу, т.б. өндіріс орындары шоғырланған. Ауыл шаруашылығында, негізінен, цитрусті жемістер (1,5 млн т.) өсіріледі. Оған қоса жеміс-жидек, бау-бақша, гүл өсіру, құс өсіру жақсы дамыған. Астық өнімдері сырттан әкелінеді. Сыртқы сауда айналымы — 40 млрд. доллардан астам. Негізгі сауда серіктестері — АҚШ пен Батыс Еуропа елдері. Израиль сыртқа қару-жарақ сататын әлемдегі он елдің ішіне кіреді (2 млрд. доллар).

Мемлекеттік құрылымы

Израильде ел Конституциясы жоқ. Мемлекеттік құрылымдар жекелеген заң актілері бойынша реттеліп отырады. Мемлекет басшысы — Кнессет (парламент) 4 жылға сайлайтын президент. Бірақ оның билігі шектеулі. Үкімет билігі Израиль премьер-министрінің қолында (2001 жылдан Ариэль Шарон). Заң шығарушы орган — бірпалаталы парламент. Ол халық 4 жылға сайлайтын 120 депутаттан тұрады. Басқару формасы — парламенттік республика.

Израиль мемлекеті 1948 жылғы 14 мамырда БҰҰ Бас Ассамблеясының 1947 жылғы 29 қарашада қабылданған №181 қарарына байланысты құрылғандығы туралы жариялады. Тәуелсіздік декларациясына байланысты Израиль еврейлік мемлекет болып табылады. Сонымен қатар, Израиль көпұлтты және демократиялық мемлекет болып есептеледі, онда еврейлермен бірге басқа да этникалық және діни топтардың да тең құқықтары сақталады. Кнессетте друз және бәдәуи депутаттары, араб партиялары және депутаттары көрсетілген. Израиль мемлекетінің билігі демократиялық қағидаларға сүйеніп, үш тармақтан тұрады: заң шығарушы, атқарушы, сот билігі.

Кнессет партиялардың пропорциялық өкілдігімен 120 депутаттан тұрады. Парламенттік сайлаулар әр төрт жыл сайын болып тұрады. Кнессеттің құпия дауыс беру арқылы үкіметті тарату құқығы бар. Израиль мемлекетінде жинақталған конституция жоқ, оның орнын уақытша негізгі заңдар жинағы атқарады. 2003 жылы Кнессетте осы заңдарға негізделіп конституцияны құрастыру жобасы басталған.

Израиль мемлекеті парламенттік жүйе арқылы басқарылады және барлығының сайлауға құқығы бар демократиялы ел болып танылады. Израиль президенті — формал түрде мемлекет басшысы, бірақ негізінен оның қызметі — салтанат құру (церемониальные). 2000 жылғы қабылданған заң бойынша Президент 7 жылға бір рет қана сайлану құқығы бар.

Remove ads

Халқы

Халқының саны 8,7 млн-ға жуық, олардың 80% еврейлер, 20% арабтар құрайды. Діні – 76,5% яһудилер, 16% мұсылмандар, 2% християндар, 1,5% друздар, 4% дінге сенбейтіндер. Тілі - иврит, араб.

Валютасы — жаңа шекель. Шекель 100 агоротқа тең.

Демалыс күндері жексенбіден бейсенбіге дейін таңертеңгі сағат 9:00 ден кешкі 19:00 ге дейін жұмыс жасайды. Сауда орталықтары сенбі күндері ашық. Ресторандар мен кафелер әдетте жұма-сенбі күндері жұмыс істейді. Мұсылмандар дүкендері жұма күні жұмыс істемейді, себебі бұл күні мұсылмандар демалады, ал христиандар дүкендері жексенбі күндері жұмыс істемейді.

Remove ads

Транспорт

Израильде кеңінен таралған транспорт түрі — автобус. Барлық автобустардағы билет бағасы арзан. Автобустары ыңғайлы, кондиционерлермен жабдықталған, жиі әрі уақтылы жүріп тұрады. Автобустар сенбі және еврей мейрамдары кезінде жүрмейді. Таксилерге келетін болсақ, олар жергілікті және қалааралық болып бөлінеді. Қала ішінде таксимен жүрудің ақысы счетчикпен есептеледі. Такси бағасы салыстырмалы түрде қымбатырақ. Үш түрлі тариф қарастырылған:

  • (0)-қосымша тариф, телефонмен тапсырыс берілген жағдайда алынады;
  • (1)-әдеттегі тариф;
  • (2)-әдеттегі тариф және 25% түнгі уақытта (21:00- ден 5:30-ға дейінгі уақыт аралығы) және сенбі күндерінде жүру үшін алынады;

Халықаралық телефон коды +972

Израиль БҰҰ-ның мүшесі (1949) және Еуропа одағының ассоциаланған мүшесі. Қазақстан мен Израиль арасында дипломатиялық және сауда-экономикалық қатынастар біршама дамыған. Израильдіктер Қазақстан экономикасына 1992–1999 жылдар аралығында 188 млн. доллар көлемінде инвестиция енгізді. Елімізде Израильдің 76 компаниясы жемісті еңбек етуде. 2000 жылы сәуірде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев ресми сапармен Израильде болып қайтты.[4]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads