Инженер
инженерлік қызметті жүзеге асыратын маман From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Инженер — инженерлік іспен айналысатын, ғылыми білімін, математиканы және өнертапқыштығын қолданып, техникалық, қоғамдық және коммерциялық проблемалардың шешімін табумен айналысатын маман. Инженерлер материалдарды (заттар), құрылымдарды және жүйелерді олардың тиімділігі, заңға сәйкестігі, қауіпсіздік мәселесі және бағасы себепті туындайтын шектеулерді ескере отырып жобалайды.[1][2] Инженер сөзі латынның ingeniare ("ойлап шығару, өнертапқыштық") және ingenium ("ақыл, дарын") сөздерінен алынған.[3][4]
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Инженердің жұмысы — ғылыми жаңалықтар және олардың адамзат қажеттілігі мен өмір сапасын жақсартуда қолданылуы арасындағы байланысты қалыптастыру.[1]
Remove ads
Инженерлердің түрлері
Инжинирингтің көптеген тармақтары бар, әрқайсысы арнайы технологиялар мен өнімдерге маманданған. Әдетте инженерлердің бір салада терең білімі болады да, өзге де қатысты салаларда жалпылама білімі болады. Мысалы, инженер-механик (машина жасау) мамандығының оқу курсына әдетте электротехникалық және бағдарламалау (программалау) инженерияның кіріспе сабақтары қосылады.
Белгілі бір өнімді жасау кезінде инженерлер әдетте өзара команда болып бірге жұмыс жасайды. Мысалы, құлтемір құрастыру кезінде инженерлер командасы ең кемінде үш түрлі инженердің көмегіне жүгінеді. Инженер-механик денесі мен қозғалтқыштарының жобасын жасайды. Инженер-электрик болса, қуат жүйесін, сенсорлар мен бақылау электр схемаларын қадағалайды. Ең соңында, бағдарламалаушы инженер роботтың дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ететін бағдарламалық жасақтаманы дамытады.
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads