Калифорния университеті, Беркли

From Wikipedia, the free encyclopedia

Калифорния университеті, Беркли
Remove ads

Калифорния университеті, Беркли (ағылш. The University of California, Berkeley) — көпшілік зерттеу университеті, АҚШтың, Калифорния штаты Беркли қаласында орналасқан. Калифорния университетінің 10 кампусының ең көнесі . 2013 жылы «Ұлттық университеттер» рейтингісінде (U.S. News & World Report басылымы) 20-ы позицияны ұстады, сонымен қатар білім берру программалары бойынша елдегі ең үздіктер қатарына енеді[5]. 2013 жылы Times Higher Education рейтингіснде Беркли Калифорния университеті әлем университеттері арасында 5 орынға тұрақтады[6].

 Басқа мағыналар үшін Беркли деген бетті қараңыз.

Quick facts Ұраны:, Университет атауы ...

Университет компьютер және IT технологиялар, экономика, физика салалары әлемге әйгілі. Беркли физикасы Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін сутегі бомбасын жасап шығуда, жалпы атом бомбасын жасауда басты рөл атқарды. Беркли ғалымдары циклотрон ойлап тауып, антипротонды зерттеді, лазерді жасап шығуда басты рөл ойнады, фотосинтез процессінің негізін түсіндіріп берді, көптеген химиялық элементтерді ашты, оларды айта кететін болсақ, сиборгий, плутоний, берклий, лоуренсий және калифорний. Дәл Беркли ең бірінші BSD ( және BSD лицензиясын) операциялық жүйесін алды[7][8].

Беркли өзінің тарихында студенттік активизмімен белгілі. Біршама белгілі акциялары: 1964 жылғы Сөз бостандығы қозғалысы — протест акциясы, университеттің саяси памфлеттерді таратушыларды кампустан қууға тапсырма берген кезден басталған және Ұлттық парктегі бас көтеру 1968 жылы, шетелдік студенттердің қарсылық акциясын өткізген кезде басталған, 1960 жылдары орын алған «хиппи» мәдениетімен тікелей байланысты. Алайда студенттік активизмдерге және бас бұзарлыққа қарамастан, Беркли кампусы көптеген жасыл бұрыштарымен және ғимараттарымен, оларлың жақсы сақталған архитектурасымен танымал.

Remove ads

Тарихы

Thumb
Университеттің сақталған алғашқы ғимараттарының бірі, South Hall (1873)

Университет құрылымы

Ректорлары

Thumb
Чарлз Франклин До кітапханасының солтүстік беткейі (ағыл.) Мемориал Глейд жақтан көрінісі

Ректордың лауазымы 1952 жылы бекітілген, Калифорния Университетін қайта жасақтау кезінде іске асты, сол уақыттан бері он ректор (және бір ректордың лауазымын атқарушы):

  1. Кларк Керр (1952—1958)
  2. Гленн Сиборг (1958—1961)
  3. Эдвард Стронг (1961—1965)
  4. Мартин Меерсон (1965, acting)
  5. Роджер Гейнс (1965—1971)
  6. Албюерт Бовкер (1971—1980)
  7. Ира Майкл Хейман (1980—1990)
  8. Чанг-Ли Тиен (1990—1997)
  9. Роберт Бердал (1997—2004)
  10. Роберт Биржено (2004—2013)
  11. Николас Диркс (ағыл.) (2013 жылдан — осы уақытта.)

Бөлімшелері

Thumb
Хааса Бизнес Мектебі

130 факультетте 14 колледж және мектептер ұйымдастырылған. («Колледждер» студенттер және магистранттар үшін, ал «мектептер» аспирант, магистранттар үшін, жекелей алғанда Бизнес мектебінде):

  • Хааса Бизнес Мектебі
  • Колледж химии
  • Педагогика мектебі
  • Инженерлік колледжі
  • Ішкі дизайн Колледжі
  • Журналистики мектебі
  • Боалт атындағы заң мектебі
  • Ақпараттық технологиялар мектебі
  • Әдебиет және ғылым Колледж
  • Табиғи ресурстар Колледжі
  • Оптометрия мектебі
  • Денсаулық сақтау мектебі
  • Голдман атындағы мемлекеттік саясат мектебі
  • Қоғамдық қорғау мектебі

Сонымен қоса, университетте Лоуренс Ұлттық лабараториясы жұмыс істейді.

Remove ads

Астрономияда

Университет құрметіне астероид Үлгі:Беркли 716 аталған, ол 1911 жылы ашылған.

Статистикасы

2013 жылғы дерек бойынша[2]:

  • Абитуриенттердің саны: 50 312 адам, оның 25,6 % сы түскен.
  • Студенттер саны: 35 899
    • Бакалавр: 25 774
    • Магистрлер және докторанттар: 10 125

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads