Плутоний
атомдық нөмірі 94 химиялық элемент From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Плутоний (лат. Plutonіum; Pu) — элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы жасанды жолмен алынған бірінші радиоактивті хим. элемент; ат. н. 94, ат. м. 244,0642, актиноидтар тобына жатады. Плутонийді 1940 ж американдық ғалымдар Г.Сиборг, Э.Макмиллан, Дж.Кеннеди және А.Валь ашқан. Олар ²³⁸U элементін ауыр сутек ядросы дейтронмен сәулелендіру арқылы ²³⁹Pu-ді алды. Массалық сандары 232-ден 246-ға дейін болатын 15 изотопы белгілі. Тұрақты изотопы ²⁴⁴Pu (Т½ = 7,5•107 жыл, сәуле шығарғыш).
Плутоний жылтыр, күмістей ақ металл, морт; тығыздығы 19,80 г/см³, балқу t 640 °С, қайнау t 3350 °С, 112 °С-тан төмен температурада моноклинді -фазасы тұрақты. Тотығу дәрежелері +3-тен +7-ге дейін, тұрақтысы +4. Түйірлі Плутоний ауада баяу тотығады, ұнтақ және жаңқа күйінде өздігінен тұтанғыш Плутоний — өте улы, адам организміне түскенде сүйектер мен бауырда жиналады.
Қыздырғанда галогендермен, H2, N2, S, NH3-пен, сумен баяу әрекеттесіп, HCl, HСlO4, H3PO4-терде ериді, концентрлі HNO3 пен H2SO4-те салғырттанады. Көптеген металмен аралық металлидтер түзеді. Плутонийдің (ІV) оксиді PuO2 — сарғыш қоңыр түсті кристалды ұнтақ, сәйкес гидроксиді Pu(OH)4 қышқылдармен тұз түзеді; нитраттары, фторидтері, т.б. тұздары өте күрделі технологиялық процестерде Плутонийді ураннан бөліп алуда пайдаланылады. Плутоний ядролық реакторларда, атомдық, термоядролық бомбаларда т.б. қолданылады. 238Pu изотопынан қуаты 5, одан да көп жылға жететін ат. электрбатареялары жасалады.
Remove ads
Пайдаланылған әдебиет
“Қазақ Энциклопедиясы”, VII-том
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads