Кароль Навроцкий
поляк саясаткері және тарихшысы, 2025 жылдан бастап Польша Республикасының президенті From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Кароль Тадеуш Навроцкий (пол. Karol Tadeusz Nawrocki; 3 наурыз 1983 жыл, Гданьск) — поляк тарихшысы, саясаткер, 2025 жылғы тамыздан бергі Польша президенті.
Remove ads
Өмірбаяны
Кароль Навроцкий[1][2] 1983 жылғы 3 наурызда Гданьскіде дүниеге келген. Гданьск университеті мен Гданьск политехника университетінде оқыған ол мамандығы бойынша — тарихшы.
2021 жылғы 23 шілдеден Навроцкий — Ұлттық еске алу институтының президенті.[3]
2024 жылғы ақпанда Ресей Польшадағы Қызыл армия ескерткіштерін бұзуға байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында Навроцкийге халықаралық іздеу жариялаған болатын.[4]
Remove ads
2025 жылғы Польша президентін сайлауы кезінде партиясыз Навроцкийді Құқық пен әділет (PiS) партиясы ұсынған болатын.
18 мамырда басталған сайлаудың[5] бірінші айналымында еш үміткер де дауыстың 50% жинай алмады да, 1 маусымда оның екінші айналымы өтпек болды. Оған Навроцкий мен Рафал Тшасковский қатысты. Тшасковскийдің тұңғыш айналымда бірінші болғанына қарамастан[4] ақыр аяғында Польша президенті болып Навроцкий сайланды.[2][1]
Remove ads
Саяси ұстанымы
Түрлі дереккөздер Навроцкийді ұлтшыл[6] консерватор[7][2] деп сипаттаған. Навроцкий қолдаушыларының біразы Польшадағы иммиграцияға қарсы шығады.[8]
Виктор Орбан мен Роберт Фицо сындыларға ұқсас делінетін Навроцкий бұрын Дональд Трампқа жақындығы мен украин босқындарына жағымсыз қарағаны үшін белгілі болды. Ол, оған қоса, еуроскептик саясаткерлерге ұнайды делінеді.[2] Сайлануына дейін Навроцкий Америка Құрама Штаттарына сапар жасап, Трамппен кездесіп те көрген, одан қолдау алған.[8]
Навроцкий Украинаның Еуропа Одағы мен НАТО құрамында болғанына қарсы пікір білдірген еді.[9] Ол, алайда, Ресеймен соғысып жатқан Украинаны қолдайды.[8]
Remove ads
Өз өмірі
Кәсіби мансабының сыртында Навроцкий, оған қоса, әуесқой бокспен айналысады.[8]
Ескертпелер
- Құқық пен әділет партиясынан қолдау көрді
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads