Катанов Николай Федорович
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
- Катанов Николай Федорович[1], Хызылұлы Пора (6.5.1862, Ресей, Краснояр өлкесі, Аскиз ауданы– 10.3. 1922, Қазан) – хакас филологы, этнографы, түркологы, Қазан университетінің профессоры (1893), салыстырмалы тіл білімінің докторы (1907).[2]
- Әкесі Хызыл хакастардың ірі тайпасы саналған сағадан шыққан, шешесі – качы тайпасынан. 1869 – 76 жылы Аскиздегі училещеде оқыған. Красноярскіде классикалық гимназияны (1884), Санкт-Петербург университетінің шығыс тілдері факультетін (1888) бітірген.
- 1888 – 92 жылы Санкт-Петербург ғылым академиясының тапсырмасымен Сібірде, Моңғолияда, Жетісуда болып, ұйғыр, өзбек, қазақ, тыва, тағы басқа түркі халықтарының этнографиясы мен тілі жөнінде мол материал жинады. Қытайға сапарында оны Жүніс Итқараұлы деген қазақ бастап апарған.
- Негізгі еңбегі: “Урянхай тілін зерттеу тәжірибесі” (1903), көлемі 1600 беттей. Бұл еңбекте 50-ге жуық түркі тілдері мен диалектілері салыстырылып зерттелді. Хакас, тыва, карагастардың этнографиясы, лингвистикасы, фольклоры туралы 2 томдық “Урянхайлардың, абакан татарлары мен карагастардың сөйлеу тілі” деген еңбегі 1907 жылы В.В. Радлов шығарған “Түркі тайпаларының халықтық әдебиет үлгілері” аталатын кітаптың 9-бөлімінде жарияланды. Катанов – П.М. Мелиоранскийге қазақ тілін зерттеуге көмек берді.
- 1894 жылы Қазан университеті жанындағы Археология, тарих және этнография қоғамының хатшысы болып сайланды. Қазан университеті “Хабаршысының“ редакторы болды. Катанов – Орыс география қоғамының, Левендегі (Бельгия) Ғылым мен әдебиеттің халықаралық қоғамының, Будапешттегі Мажар этнография қоғамының толық мүшесі, Гельсингфорстағы финн-угор қоғамының корреспондент мүшесі болды.
Remove ads
Шығармалары:
- Среди тюркских племен, СПб., 1893;
- Этнографический обзор турецко-татарских племен, Казань, 1894;
- Песня Худаяр-хана и приход русских в Среднюю Азию, СПб., 1894;
- О погребальных обрядах у тюркских племен с древнейших времен до наших дней. – ИОАИЭК, 1894, т. 12, в. 2;
- Киргизские степи. Средняя Азия и Северный Китай в 18 столетии по показаниям, разведкам, доезжим запискам, отчетам и исследованиям *Западно-Сибирских казаков и прочих служилых сибирских людей, Записки ЗСОРГО. кн. 14, в. 1, Омбы 1893.
Remove ads
Дереккөздер:
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads