Кернеу
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Кернеу
- 1) механикалық – материал деформацияланған кезде пайда болатын ішкі күштер;
- 2) электрлік электр тізбегінің не электр өрісінің екі нүктесі арасындағы потенциалдар айырмасы. Электрлік Кернеудің бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшеу бірлігі – вольт.[1]

Кернеу бөлгіш — шығыс кернеуді (кіріс кернеумен салыстырғанда) төмендететін электрлік схема.[2]
Кернеу күшейткіші — төменгі жиілікті тербеліс көзінен алынатын кернеуді қажетті шамаға дейін арттыратын күшейткіш.
Күшейткіш шығысындағы кернеудің орныққан мәнінің кірісіне берілген кернеуге катынасы күшейткіштің күшейту коэффициенті делінеді.
К= Uшығ/Uкір. Логарифмдік есептеу бойынша Kдб = 201 gUшығ/Uкір= lg K Егер Күшейткіш бірнеше каскадтан тұрса, онда- оның күшейту коэффициенті оған кіретін барлық каскадтардың күшейту коэффициенттерінің көбейтіндісіне тең болады:
К = K1K2K3... Күшейткіштің схемаларын есептеу кезінде кернеу бойынша бастан-аяқ күшейту коэффициентін есептеуге тура келеді:
Кск = UH/Uист, мұндағы UH — күшейткіштің жүкке беретін кернеуі, Uист — дабыл көзінің электр қозғаушы күші.
Кернеу тұрақтандырғышы. Қоректендіру көзі немесе жүктеме кернеуінің өзгерісі кезінде әрдайым шығыстағы кернеудің тұрақтылығын қамтамасыз ететін құрылғы. Тұрақтандырғыштың электронды және феррорезонансты деп аталатын түрлері кең таралған.[3]
Дереккөздер
Ұқсас тақырыптар
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads