Компьютер жабдықтамасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Компьютерлік жабдықтама (ағылш. Computer hardware) — бұл санатқа компьютерге орнатылған, компьютер процессоры арқылы басқарылатын барлық физикалық жабдықтары жатады. Компьютерлі жабдықтама негізінен Компьютер бағдарламасына салыстырмалы айтылады.
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |

Бұлар компьютер жасап шығарылған кезде оған жалғанған жабдық болуы немесе кейін үстелген периферия құрылғылар болуы мүмкін. Төменде мысал ретінде кейбір құрылғылар келтірілген:
- Монитор
- Тінтуір
- Модем
- Дискіенгізгі
- Ықшам дискілерге арналған дискіенгізгі
- DVD-дискілерге арналған дискіенгізгі
- Принтер
- Пернетақта
- Желілік бейімдеуіш
- Бейнекарта
- Ойын контроллері
Жабдықтамаларды компьютерге түрлі тәсілмен жалғауға болады. Кейбір жабдықтама құрылғылары, мысалы, желілік бейімдеуіштер мен дыбыстауыш тақталар компьютердің ішіндегі кеңейтім ұяларына жалғанады. Басқа жабдықтамалар, мысалы, басып шығарғыштар мен мәтіналғылар компьютердің сыртқы порттарына жалғанады.
Жабдықтама Windows жүйесінде дұрыс жұмыс істеу үшін компьютерде құрылғы драйвері деп аталатын жасақтамалық бағдарлама орнатылуға тиіс. Әр жабдықтың жұмысы әдетте жабдықтама өндірушілер қоса ұсынатын драйвер арқылы қамтамасыз етіледі. Кейбір драйверлер Windows жинағына кіреді. Бұл – Windows жүйесі жабдықтамалардың қажетті драйверлерін өздіктік түрде анықтап, орнатады деген сөз.
Егер жабдықтама өздіктік түрде орнатылмаса, жаңа жабдық орнату шебері іске қосылады да, құрылғының жеткізілім жинағына кіретін ықшам дискіні кірістіруді ұсынады.
Remove ads
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads