Купчинь

From Wikipedia, the free encyclopedia

Купчинь
Remove ads

Купчинь (рум. Cupcini) — Молдованың Единец ауданындағы қала. Қала құрамына Старая Кетрошика және Кюрт ауылдары кіреді.[1] 2025 жылы Купчинь қаласының халқы 9 351 адамды құрады. Купчинь Молдовада 59 қаланың ішінде халық саны бойынша 38-ші орында. Кеңестік кезеңде (1991 жылға дейін) елді мекен Калининск деп аталды.[2]

Quick facts Әкімшілігі, Ел ...
Remove ads

Географиялық орналасуы

Ауданның оңтүстік-шығыс бөлігінде, Чухур өзенінің бойында, Единец қаласынан 6 км, Братушаны темір жол стансасынан 2 км және Кишиневтен 194 км жерде орналасқан. Купчинь арқылы Кишинев-Черновцы халықаралық тас жолы өтеді.[3]

Тарихы

Дереккөздерде Купчинь ауылы туралы алғаш рет 1431 жылы аталды. Ауыл Чухур өзенінің екі жағасында орналасып, XVII ғасырда екіге бөлінген. Чухурдың сол жағалауындағысы Брэтэшань деп аталып, 1713 ж. Яссы округінің құрамына кірді, ал оң жағалаудағысы - Купчинь Хотин округінде қалды.

1774 жылы орыс әскери үкіметі ұйымдастырған санақ Купчиньде 23 шаруашылық болғанын көрсетті.

1812 және 1821 жылдар аралығында Купчинь меншігі мен ауылы Могилев Иоан Зое және Иоан Галицэ көпестеріне тиесілі болды.
1817 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша ауылда 77 қожалық, диірмен, көл, ағаш шіркеу (1792 ж. салынған) болған.
1875 жылы ауылда 73 шаруашылық, 400 тұрғын болған. Шіркеу жанында приход мектебі жұмыс істеді, кейін земство мектебі ашылды.

1923 жылы Кучиньде 243 үй және 1084 адам болған. 1940 жылы Кеңес өкіметі Купчиньде 1460 тұрғынды есептеді.

1964 жылы Купчинь қалалық типтегі елді мекен мәртебесін алды.

1963 жылы тәулігіне 30 мың центнер қант қызылшасын өңдейтін қант зауыты іске қосылды. Қала үлгісіндегі елді мекеннің өндірістік әлеуеті жылына 10-12 мың тонна шикізат өңдейтін темекі фабрикасы, темір-бетон бұйымдары зауыты, нан-тоқаш, жылына 85 миллион банка өнім шығаруға консерві зауытының салынуымен нығайды.[4]

Remove ads

Өндіріс орындары

Өнеркәсіптік кәсіпорындар – 11, оның ішінде «Купчини-Кристалл» АҚ, «Натур-Вит» консерв зауыты, «Норд Тутун» консерві фабрикасы, «Mina din Cupcini», «Cereale-Cupcini», «Pacificator» ЖШС т.б. бар.

Сонымен қатар наубайхана, сүт зауыты, қант зауыты, мұнай базасы, сыра зауыты бар. Бүкіл Молдованың солтүстігінде нанмен қамтамасыз ететін «Астра» наубайханасы бар.[5]

Инфраструктурасы

Аурухана, 3 шіркеу, 2 көпсалалы мектеп, 2 орта мектеп, гимназия, музыка мектебі, шығармашылық өнер орталығы, 4 кітапхана, сауда орталығы, салтанат үйі, стадион базары, демалыс аймағы т.б. бар.

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads