Кшуманцянь Пиргуж

эрзя құқық қорғаушысы, қоғам қайраткері From Wikipedia, the free encyclopedia

Кшуманцянь Пиргуж
Remove ads

Кшуманцянь Пиргуж (эрз. Кшуманцянь Пиргуж, тумысында Григорий Дмитриевич Мусалёв, орыс. Григорий Дмитриевич Мусалёв; 19 қараша 1940 жыл, Ташто Кшуманця22 тамыз 2024 жыл, Большое Игнатово) — Эрзя ұлттық қозғалысының қайраткері, құқық қорғаушы, 1999 жылдан 2019 жылға дейін эрзя халқының инязоры.

Quick facts Лауазымы, 1999 — 2019 ...
Thumb
Кшуманцянь Пиргуж бен Йовлань Олоның ұлы Андрей
Remove ads

Өмірбаяны

Ерте жылдары

1940 жылғы 19 қарашада туған Григорий Мусалёв отбасындағы үш баланың кенжесі еді. Әкесі — Ұлы Отан соғысының ардагері, Сталинград шайқасына қатысқан ол Харьков маңында қайтыс болған. Анасы — колхозшы.

1958 жылы Большое Игнатово орта мектебін бітірген Пиргуж ол жерде кейін зертханашы болды. 1959–1962 жылдары Пиргуж КСРО армиясында қызмет етті.

Пиргуж Мордовия мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінде білім алды, кейін ол жерде математик-бағдарламашы болған.

Remove ads

Қоғамдық қызметі

1980 жылдар соңынан бері Пиргуж Эрзя ұлттық қозғалысына белсенді қатысып келген. Жиырма жыл бойы жұмысы көмегімен ол бүкіл Ресейдегі көптеген эрзяларды қамтитын Эрзя тілін құтқару қорын басқарды. Пиргуж — 1994 жылдан тойланатын ұлттық Эрзя тілі күні (эрз. Ерзянь Келен чи) мейрамы негіздеушілерінің бірі.

Кшуманцянь Пиргуж Раськень Озкс дәстүрлі мейрамын жандандырмақ болып Большое Игнатово ауданындағы Чукалыда XVII ғасырдан бері тұңғыш рет өткізбек болды. Раськень Озксқа 5 күн қалғанда Ресей милициясы Пиргужды қамауға алды, мейрамның өткізбегенін талап етті, алайда Пиргуж құлақ аспады.[1]

Пиргуж, оған қоса, «Велень Озкс» жыл сайынғы республикалық мейрамының негіздеушісі және басшысы еді. Бұл мейрам Ташто Кшуманця ауылында 1990 жылдан бері тойланады.

1994 жылдан бері Пиргуж «Эрзянь Мастор» (Эрзя елі) газетінің басылуына және тарауына үлес қосып жүрген.

Саранскіде эрзя инязоры Пургаз ескерткішін орнату идеясы жиі Пиргуждікі делінеді. Мордовия билігі ескерткіштің орнауына рұқсат бермей қойды да, ол әлі де орнамаған.

Пиргуж ай сайын Мордовияның түрлі өңірлеріне сапар жасап, эрзя әдебиетін тарату және сақтау жұмысымен айналысатын. 2012 жылғы Фин-угор халықтарының дүниежүзілік конгрессіне Пиргуж эрзя халқының атынан қатысты.[2]

2003 жылы Киев пен Ровнода өткен антибольшевик халықтар блогі құрылуының 100 жылдығын тойлады, іс-шарада эрзя әскери әдебиетін көрмеге қойып, Эрзя елі мен Украинаның бірігіп, Ресей Федерациясының неоколониализміне қарсы шайқасқанына шаққыртты.

Пиргуж — Ресейдің жергілікті халықтар жайлы саясатын сынайтын түрлі еңбектер мен жолдаулар авторы. Эрзя халқының орыстануына аса қарсы болатын.[3]

Құқық қорғаушы қызметі үшін Пиргуж полициядан жиі қысым көретін. Бір кезде оған қарсы жергілікті газеттерде оның беделін түсіру бойынша науқан да орын алды.[4]

2019 жылы жаздыгүні Пиргуж инязорлыққа Украинада тұратын Боляень Сыресьті ұсынды, осы үшін Мордовия Мәдениет министрлігінен қысым көрді. Жергілікті билік Пиргуждың бұл әрекетті болдырмағанын талап етті, алайда ақыр аяғында оған қол жеткізбеді.[5] Пиргуж 2019 жылғы 12 қыркүйекте, Киевте орын алған жаңа инязор Сыресьтің инаугурациясына қатысты. Салтанатты рәсім барысында инязор билігін білдіретін шынжырды ізбасарына табыстады.[6]

2024 жылғы 22 тамызда Пиргуж қайтыс болды.

Remove ads

Марапаттары

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads