Раськень Озкс

эрзя ежелгі мейрамы From Wikipedia, the free encyclopedia

Раськень Озкс
Remove ads

Раськень Озкс (эрз. Раськень Озкс) — 3 жыл сайын эрзялар тойлайтын дәстүрлі мейрам,[1] Мордовияда ұлттық фольклор күні дәрежесіне ие.[2] Мейрам 1999 жылдан бері Чукалы ауылында өтеді. Бұған дейін ол соңғы рет 1629 жылғы 25 қыркүйекте тойланған еді, бұдан кейін оған тыйым салынған болатын.

Quick facts Раськень Озкс ...
Remove ads

1999 жылғы тойлануы

370 жыл бойы тойланбай жүрген Раськень Озкс ақыр аяғында 1999 жылғы 17 шілдеде, Ресейдің Мордовиядағы Чукалы ауылында өтті. Чукалыға осы күнге орай түрлі елден қонақтар келген: Финляндия, Татарстан, Мәскеу, Самара, Пенза, Ульяновск; Красноярск өлкесінің, Мурманск облысының және Жаңасібірдің өкілдері; Эстонияның эрзя диаспорасы. Мерекеге шамамен 2 000 адам қатысты. Раськень штатолды Мурманск облысынан келген Эрюш Вежай жақты.[3] Мейрамның қайта орнауына Кшуманцянь Пиргуж біраз үлес қосқан.

Remove ads

2022 жылғы тойлануы

2022 жылғы Раськень Озкс тойлануы бұрынғылардан ерекшеленді: эрзя туларының көтерілгеніне жергілікті үкімет тыйым салды, бүкіл айтылған сөз орысша болды.[2]

Барысы

Мейрамды керней дауысы бастайды, кернейге аңыздық патша Тюшти ие еді делінеді. Тюштидің жарлығынша, зар заман келгенде эрзялардың торама дыбыстағаны, оны естіп жиналғаны жөн. Аңыз бойынша, торама гуілін естіген Тюшти эрзяларға көмектесетін болады. Осыдан кейін ақ эрзя киімін киген бір топ адам Потмалей өзенінен шығады. Торама алаңдатарлық дыбыстарды шығарады да, топтың ортасында бір әйел яндава тостағанын және шағын штатолды алып жүретін болады. Оның бүйірінде тағы екі әйел, бірі денсаулық білдіретін бал, екіншісі ұзақ өмірді бейнелейтін үлкен бөлке нан ұстайтын болады. Құдаймен, ата-бабалармен байланысты делінетін және мерекенің басты символы деп есептелетін негізгі шамға, Раськень штатолға олар баяу жетеді. 4 ер адам қоршаған бұл әйел штатолды жандырады да, олар бірігіп дұға оқиды: Ознотано эрицянок кис,

Ознотано раськенек кис,

Энялдтано эйденек кис....

Және де жүздеген жылдар бұрын істегендей, олар ата-бабаларына сөз бағыштайды:

...Весе тынь – седейсэнек,

Весе тынь – минек верьсэ,

Минь тынк эстэ лисинек,

Минь тыненк велявтано.

Садо, весе садо!...[3]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads