Көлтану

From Wikipedia, the free encyclopedia

Көлтану
Remove ads

Көлтану , лимнология (гр. 'lіmne' – көл, logos – ілім) – гидрологияның алмасуы баяу жүретін континенттік суқоймаларды (көлдер) және олардағы физикалық, химиялық және биологиялық процестерді зерттейтін ғылымның бір саласы. Көлтануда гидрология, гидробиология, гидрохимия, гидрофизика, геоморфология, т.б. ғылым салаларының әдістері қолданылады.

Thumb
Каспий.

Көлтанудың басты мақсаты – суқоймаларының дамуы мен режимін, көл шұңқырларының пайда болуын (олардың пішіні, мөлшері, суының және түптік шөгінділерінің физикалық, химиялық қасиеттері, су алмасуы, өсімдік және жануарлар әлемі) кешенді зерттеу. Ғылыми Көлтанудың негізін салушы швейцариялық ғалым Ф.Форель. Көлтану төңірегіндегі зерттеу нәтижелері халық шаруашылығының бірқатар салаларында (сумен қамтамасыз ету, балық шаруашылығы, су көлігі, гидроэнергетика, суғару, кен байлықтарын алу, медицина және адамдардың демалысын ұйымдастыру салалары) пайдаланылады. Суқоймаларының жаппай ластануы мен олардың эвтрофтануының күшеюіне байланысты қазір Көлтанудың басты бағыты – су көздерін қорғау мен дамуын болжау және бағалау мәселелерінің шешімін табу.[1][2]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads