Май ауданы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Май ауданы — Павлодар облысының оңтүстік-шығысында орналасқан аудан. 1939 жылы құрылған. Аудан көлемі 18,1 мың ш. км.
Remove ads
Физикалық-географиялық сипаттамасы
Оңтүстігі пен шығысында Абай облысының Бесқарағай ауданымен және Семей қаласымен, оңтүстік-батысында – Қарағанды облысының Қарқаралы ауданымен, батысында – Баянауыл ауданымен, солтүстігінде – Ақсу қаласының ауылдық аймағымен шектеседі, солтүстік-шығысында Аққулы ауданымен Ертіс өзені арқылы бөлінген.
Аудан климаты қатал континентальды. Қаңтардың орташа температурасы - −15º-17ºС., шілденікі - +20º+22ºС. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 200—250 мм-ді құрайды. Қаңтар және желтоқсан айларында ауа температурасы –46-48 градусқа жетеді
Аудан аумағының жер бедері көбінесе төбелі-жазық, оңтүстік, оңтүстік-шығыста – шағын төбешікті болып келеді. Аудан аумағы бойынша Ертіс, Түндік, Ащысу өзендері ағып өтеді, Қарасор, Алқамерген, Жаңатұз, Ақбота, Шақпақтұз, Үлкентұз секілді көлдер бар. Аудан пайдалы қазбаларға бай. Сапасы жағынан антрацитке жақын тас көмір орындары, табиғи құрылыс материалдары, оның ішінде отқа берік және қызыл балшық, мәрмәр, әк, жоса бар.
Remove ads
Топырақ қызғылт, сортаң. Аудан аумағында бетеге, қияқ, қамыс, тал өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, сарышұнақ, аламан мекен етеді.
Халқы
Ұлттық құрам (2012 жылдың 1 қаңтарына)
1999 жылы халық саны— 16,9 мың адамды, 2012 жылы — 11,974 мың адамды құрады.
Әкімшілік бөлінісі
22 елді мекен 11 ауылдық округке біріктірілген:
Экономика
Ауданның ауыл шаруашылық мамандандырылуы: отарлы қой шаруашылығы, етті мал шаруашылығы, табындық жылқы шаруашылығы. Бидай, тары, қаратұмық, жем-шөп мәдениеті, күнбағыс өсіріледі, ұсақ тері шикізаты өндіріледі. Аудан шаруашылығының негізгі бағыты— мал шаруашылығы. Бетегелі азықтық дақылдардың көп болуы мал шаруашылығы ішінде қой шаруашылығы жетекші орында екендігін байқатады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен бір ауыл шаруашылық, 75 шаруа қожалығы мен 3432 жеке қоныс айналысады. Ауданда 2 наубайхана, 2 диірмен, 1 макаронды цех, 3 күнбағыс майын өндіретін, 1 тері шикізатын қайта өндейтін цехтар бар.
Remove ads
Әлеуметтік сала
Ауданда 7 мектепалды ұйымдары, 14 орта жалпы білім беру мекемелері мен 1 кәсіби мектеп бар.
Ауданда Май орталық аудандық ауруханасы бар.
Ауданда жылжымайтын мәдени және тарихи ескерткіштер бар: Еңбек мәртебесінің ескерткіші, Урал-ЗИС-355 а/м, 1981 ж., Көктөбе ауылы Еңбек мәртебесінің ескерткіші, С-80 тракторы, 1976 г., Қызыл Құрма ауылы «Шамшырақ» (1930 жылдан), «Маяк» (1955 жылдан) аудандық газеттері шығарылады.
- Социалистік Еңбек ерлері: Қ. Женгілбаев пен В.И. Ладыгин.
- Бастемі Қазірет Айтқожаұлы - діни қайраткер, қазірет.
- ағайынды академик Әбділдиндер
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads
