Малайя топаралы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Малайя топаралы
Remove ads

Малайя топаралыЖер шарындағы ең ірі аралдар шоғыры. Экватордың 6° с.е. мен 11° о.е. аралығындағы екі қапталын алып жатыр. Құрлықтық Азия мен Австралияның аралығында. Жалпы ауданы 2 млн. км², 10 мыңға тарта аралдар кіреді. Үлкен және Кіші Зонд, Филиппин, Молукка аралдары және көптеген ұсақ аралдар тобынан тұрады. Ең ірілері Үлкен Зонд аралдар тобындағы Суматра, Калимантан, Сулавеси және Ява аралдары. Жер бедерінде биіктігі орташа және аласа таулар көп. Ең биік жері Калимантан аралындағы Кинабалу тауы (4101 м). Ірі аралдарда жазықтар бар. Малайя топаралы Альпі-Гималай және Тынық мұхит қатпарлы белдеулерінің түйіскен жерінде орналасқан. Сөнген және әрекетті жанартаулар көп (Кракатау, т.б.).

Thumb
Калимантан аралы және Малайяның басқа аралдары
Thumb
Ява аралы

Климаты экваторлық және субэкваторлық, ыстық әрі ылғалды. Ауаның температурасы жыл бойы бірқалыпты, 23 — 27°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 — 2000 мм, тауларда 5000 мм-ден асады. Өзендері қысқа, суы мол. Жазықтарда және аласа тауларда тропиктік ормандар өседі (пальманың түрлері, фикус, панданус, банан, т.б.). Түрлі маймылдар (орангутанг, гиббон, т.б.), жолбарыс, піл, мүйізтұмсық, орман құстары мекендейді. Кен байлықтарынан мұнай, темір, никель, марганец, т.б. кендердің қоры мол. Малайя топаралы Индонезия, Малайзия және Филиппин мемлекеттерінің аумағына кіреді. [1]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads