Маркулешты

From Wikipedia, the free encyclopedia

Маркулешты
Remove ads

Маркулешты (Мэркулешть; рум. Mărculeşti) — Молдованың Флорешты ауданынындағы қала. Бұрынғы атауы - Старовка.[1] 2025 жылы Маркулешты қаласының тұрғындарының саны 2 147 адамды құрады. Маркулешты Молдовадағы халық саны бойынша 59 елдің ішінде 54-ші орында.[2]

Quick facts Әкімшілігі, Ел ...
Remove ads

Географиялық орналасуы

Реут өзенінің сол жағалауында, Флорешты-Бельцы тас жолының бойында, Флорешты аудан орталығынан 7 км қашықтықта және Молдова астанасы Кишиневтен солтүстік-шығысқа қарай 137 км жерде орналасқан.[3]

Тарихы

Маркулешты 1837 жылы 25 мамырда помещик Семен Старов құрған. Ол Подольск губерниясынан көшіп келген еврей қауымдастығына Маркулешты иелігіндегі 1,5 гектар жерді 12 жылға жалға берді.

1861 жылы 70 үй, 713 тұрғын және екі синагога болған ауыл - Старовка болып тіркелді. 1902 жылы Маркулеште еврей бастауыш мектебі ашылды.

1925 жылы 285 үй және 5433 тұрғын болған. Халық банкі, тұтыну кооперативі, бу диірмені, 7 май зауыты, мануфактура, 3 мейрамхана, 3 арақ қоймасы, тас карьері болды.

1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс фашистері еврейлерден «тазартуды» көздейтін Ион Антонеску режимінің саясатына сәйкес Маркулешты тұрғындарының едәуір бөлігін өлтірді. 1000-ға жуық еркек пен әйелді, қарт-баланы ауыл шетіне айдап, атқылап, шұңқырға көміп тастады.

Соғыстан кейінгі кезеңде Кеңес өкіметі тұсында Молдавия АКСР-нің құрамында қала тұрғындарының саны көбейіп, қайта салынды, елді мекеннің экономикасы мен мәдениеті қайта өркендей бастады.

1952 жылы елді мекенге шағын қала мәртебесі берілді.

1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін елді мекен тәуелсіз Молдова Республикасының құрамына еніп, 1994 жылы қала мәртебесін алды.[4]

Remove ads

Өндіріс орындары

Қала аумағында жем өндіруші «Маркулештиы-Комби» акционерлік қоғамы, «Тирекс-Петрол» мұнай базасы, жемістер мен көкөністерді жинап, өңдейтін «Ичед-Груп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, құрылыс материалдарын сатумен айналысатын «Томас» серіктестігі орналасқан.

Сондай-ақ қалада 6 жеке кәсіпорын жұмыс істейді. Қалада Флорешты-Бельцы тас жолының жанында орналасқан темір жол бар. Елді мекенге жақын жерде Маркулшты халықаралық әуежайы, «Деджебаль» авиабазасы және қару-жарақ пен әскери мұраны техникалық сақтауға арналған база орналасқан.

Инфраструктурасы

Елді мекенде 190 оқушыға арналған "Василе Александри" лицейі (2018 ж.), 300 оқушыға арналған көпсалалы кәсіптік училище, балабақша бар. Елді мекенде отбасылық дәрігер жұмыс істейтін емхана, мәдениет үйі, кітапхана бар және "Drăgaicele" фольклорлық ансамблі жұмыс істейді.

Галарея

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads