Мигель Муньос

From Wikipedia, the free encyclopedia

Мигель Муньос
Remove ads

Мигель Муньос Мосун (ис. Miguel Muñoz Mozún; 19 қаңтар 1922 жыл, Мадрид — 16 шілде 1990 жыл, Мадрид) — испан футболшысы және бапкері. Жартылай қорғаныста және қорғаныста ойнаған.

Quick facts Жалпы мағлұмат, Туған күні ...
Remove ads

Карьерасы

Мигель Муньос УЕФА Чемпиондар Кубогын ойыншы ретінде де, бапкер ретінде де ұтып алған тарихтағы тұңғыш спортшы. "Реал Мадрид" сапында ойнап жүріп, 1958 жылы 36 жасында футболшылық карьерасын аяқтады. Оның қоштасу матчына көптеген футбол жұлдыздарымен бірге, футбол падищасы Пеле де келді.

Бапкерлік карьерасын мадридтік клубтың ізбасарлар клубын жаттықтырудан бастап, 1959 жылы команданың өзін баптайды. Өмірінің соңғы жағында Испания құрамасын жаттықтырып, 1984 жылғы Еуропа чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізеді. 1986 жылғы Әлем чемпионатына да қатысып, ширек финалда Бельгиядан пенальтилер сериясы арқылы ғана ұтылып қалады.

1988 жылы Еуропа чемпионатында Испания құрамасы топтық турнирден аса алмай, сәтсіздіктің айыпкері ретінде Муньос бапкерліктен босайды. Арада екі жыл өткен соң даңқты бапкер науқастан қайтыс болады.

2005/06 маусымнан бастап Испания чемпионатында үздік бапкерге берілетін номинация "Мигель Муньос атындағы жүлде" деп аталып келеді.

Remove ads

Жетістіктері

Ойыншы ретінде

  • Испания чемпионы: 1954, 1955, 1957, 1958
  • Чемпиондар Кубогы: 1956, 1957, 1958

Бапкер ретінде

  • Испания чемпионы: 1961, 1962, 1963, 1964, 1965, 1967, 1968, 1969, 1972
  • Чемпиондар кубогы: 1960, 1966
  • Континентаралық кубок: 1960
  • Испания кубогы: 1962, 1970
  • Еуропаның күміс жүлдегері: 1984

Cілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads