Владимир Владимирович Михайлов
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Михайлов Владимир Владимирович (1902 жылы 20 қыркүйек, Ресей Федерациясы, Удмуртия, Глазов қаласында дүниеге келіп – 1980 жылы, Екатеринбург қаласында қайтыс болған) – техника ғылымдарының докторы (1946), профессор (1947), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1958). Орал политехникалық институтын бітірген (Екатеринбург, 1924). 1924–78 жылдарда КСРО ғылым академиясының Металлургия институтында (Орал филиалы), Қазақстан ғылым академиясының Химия-металлургия институтында, Қара металлургия орталығы ғылыми-зертханалық институты Қазақстан бөлімшесінде, КСРО ғылым академиясының Орал ғылыми орталығы Металлургия институтында (Екатеринбург қаласы) ғылыми-зертханалық жұмыстарында басшылық қызметтер атқарды.[1] Михайлов Владимир Владимирович кешенді темір кендерін пайдаланудың, арнайы қорытпалар мен шойын алудың жаңа технологияларын жасап, оларды ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Қазақстан темір кендерін тиімді пайдалану мәселелерімен айналысты. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында мыс, ферро-хромды домна пештерінде балқыту жөніндегі зерттеулерге басшылық етті КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1942). Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.[2]
Remove ads
Сілтемелер
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads