Михаэль Кречмер

From Wikipedia, the free encyclopedia

Михаэль Кречмер
Remove ads

Михаэль Кречмер (нем. Michael Kretschmer, 7 мамыр 1975, Гёрлиц, ГДР) — неміс мемлекеттік және саяси қайраткері, Германияның христиандық-демократиялық партиясының мүшесі. 2017 жылдың 13 желтоқсаннан бастап — Саксонияның премьер-министрі.

Quick facts Лауазымы, 13 желтоқсан 2017 жыл ...
Remove ads

Ерте өмірі

1991 жылы Гёрлице орта мектебін, 1995 жылы Büroinformationselektroniker (нем.) кеңселік электронды техникамен жұмыс істеу курсын, 1998 жылы Үздіксіз білім беру мектебі (нем.), 2002 жылы Hochschule für Technik und Wirtschaft Drezden (ағыл.) инженер-экономист мамандығыан бітірген (Дрезден)[1].

Саяси жолы

2002-2017 жылдары Бундестаг депутаты. 2004 жылдың 1 желтоқсанында ХДО-ның Саксондық бөлігінің уақытша генералды төрағасы болып, 2005 жылдың 23 сәуірінен бастап бұл қызметті тұрақты түрде алды. 2009-2017 жылдары бундестагта партияның фракциясың басқарған. 2017 жылдың 9 желтоқсанынан ХДО-ның Саксониялық ұйымын басқарады.[2]

2017 жылдың қыркүйегінің ортасында бундестагқа федералды сайлаулардың кезінде Саксонияның Гёрлиц сайлау ауданы ГүА партия өклі Тино Хрупалладан жеңіліске ұшырады.[3]

2017 жылдың 18 қарашасы Саксония премьер-министрі Станислав Тиллих қызметінен кетті.[4]

Remove ads

Саксония премьер-министрі

2017 жылдың 13 желтоқсанында Саксония ландтагының 122 депутатының 69-ы Кречмерді премьер-министр құлуға дауыс берді[5].

2019 жылдың маусымында партиясы бойынша серіктесі, сол кездегі экономика министрі Петер Альтмайермен және социал-демократ, Мекленбург-Алдыңғы Померания жерінің премьер-министрі Мануэла Шлезвигпен бірге Петербург экономикалық форумына қатысты. Кулуарларда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, сосын Ресейге қарсы санкцияларды алып тастауды ұсынды. Бұл ХДО-ның анық емес реакциясына әкелді[6].

2022 жылдың 20 мамырында Германия Украинадағы соғысты тоқтату үшін делдал болып, оны қатыруды, бірақ ақыры соңыңда бүкіл Украина территориясымен, қатыруды міндеттеуі керек деп мәлімдеме жасады. Оның бұл сөздері Германиядан соған қоса бұрынғы Украина елшісі Андрей Мельниктан оған қарсы үлкен сынға және Путинды қолдайды деген кінәләулерге әкелді[7].

Дереккөздер

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads