Морфонология
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Морфонология – морфеманың фонологиялық құрылымын және фонеманың морфологиялық қызметін зерттейтін тіл білімі саласы. Морфонологияның зерттеу нысаны ретінде морфемалар жігіндегі дыбыстық алмасулар (сеп-сеуіп) мен дыбысталудың түрлі нұсқалары (мұнда-бұнда) танылады. Зерттеушілер морфонологияны фонетика мен морфологияны жалғастырушы буын ретінде қарастырады кейде морфологияның бір саласы деп таниды. Қазақ тіл білімінде морфема жігінде болатын дыбыстық өзгерістерді дыбыстық алмасу, қыстырма дыбыс қосу, ықшамдау деп үшке бөледі. Дауысты дыбыс редукциясы, дауыссыз дыбыстардың түсіріліп айтылуы, апакопа, гаплология құбылыстары морфонологияға жатады. Мысалы, ағайын, әкел, әпер, қарлығаш, бүгін, былтыр, сәресі, сексен. Дыбыстық алмасулар фонетикада қарастырылғанымен, олардың барлығы тек фонетикалық тұрғыдан түсіндіруге келмейді, себебі дыбыс өзгерістері морфемалар жігінде пайда болып, Морфонологияның зерттеу нысаны болады. Морфонология тар және кең мағынада қолданылады: алғашқы мағынасында бір морфема морфтар құрамындағы фонемалардың алмасуын зерттейді. Кең мағынасында:
- морфемалардың дыбыстық құрамын, оларды ажыратуды;
- сөзжасамда морфемалар жүйесін қарастырады.
Ықшамдалудың барлық түрі морфонологиялық құбылысқа жатады. Өйткені олар сөйлеу дәстүрінің қалыптасуына байланысты ықшамдалып, сөздің бұрынғы толық қалпымен жарыса айтылады. Бұған дауысты дыбыстардың редукциясы (орын орны, ауыз - аузы, жеңеше -жеңше), дауыссыз дыбыстардың түсіріліп айтылуы (недәуір - едәуір, жубану - жуану, суғару - суару, бірдеңке бірдеңе, барғансын - барғасын), апокопа (ерсілі-қарсылы - ерсіл-қарсыл, келеді - келед, барамын - барам), гаплология (әнәугүгүні - әнәугүні, Мәмедәлі - Мәдәлі, Мәметжан - Мәтжан) жатады.[1]
Бір морфема құрамында алмасып отыратын фонемалар морфонема деп аталады. Морфонологияның қалыптасуына И.А. Бодуэн де Куртене (19 ғасырда), Н.В. Крушевский, Н.С. Трубецкой, А.А. Реформатский, Е.Курилович, т.б. ғалымдар үлес қосты. Қазақ тіліндегі Морфонологияны А.Байтұрсынұлы, А.Қалыбаева, Х.Кәрімов, А.Айғабыловтар зерттеді.[2][3][4]
Remove ads
Тағы қараңыз
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads