Назарбаев Зияткерлік мектептері
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Назарбаев Зияткерлік мектептері — ғылым, экономика және саясат саласында дарынды балаларға арналған Қазақстандағы таңдаулы мектептер желісі.[1]
Бұл мектепте "критериалды бағалау"-деп, аталатын бағалау жүйесі қолданылады. Зияткерлік мектепте білім берудің екі моделі жүзеге асырылады. Бірінші модель – Жаратылыстану-математикалық бағыттағы Эксперименталды Ықпалдасқан білім бағдарламасын жүзеге асырады. Бұл бағдарлама бойынша оқушылар физика, математика, химия және биология пәндерін тереңдетіп, үштілді ортада оқиды.
Астана қаласы Зияктерлік мектебі оқушыларының ағылшын тіліндегі математика, физика, химия, биологиядан халықаралық SAT1 емтиханнан қорытынды баллы 1586 құрады, әлемде орташа балл - 1200 (ең көбі -1980 ), ал SAT2 орташа балл - 1720, әлемдегі орташа балл - 1250 (ең көбі - 2200). Ағылшын тілінен IELTS емтиханынан орташа балл - 6,2 (5,7 - өткен жылы). Тек бір оқу жылының ішінде халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық олимпиадаларда жеңістер екі есе көбейді. Екінші модель - Негізгі және жоғары мектепте оқушыларды Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша оқыту. Бұл 35 жылдан астам тарихы бар, жоғары сапалы білім беретін бағдарлама ретінде әлемге танылған. Халықаралық бакалавриаттың дипломын 102 елдің 1300 астам университеттері мақұлдайды. Олардың ішінде Оксфорд, Гарвард, Кембридж экономика мектебі сияқты аттары әлемге әйгілі жоғары оқу орындары бар[2].
Remove ads
Тарихы
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша 2008 жылы Астанада алғашқы зияткерлік мектебі ашылды. Бес жылдың ішінде Зияткерлік мектептері еліміздің барлық өңірлерінде ашылған еді. Зияткерлік мектептерінде жоғары білікті педагогтар дәріс береді. Мектеп заманауи ғылыми-зертханалық және интерактивті мультимедиялық жабдықпен жарақтандырылған. Зияткерлік мектептің осы және басқа да ерекшеліктері балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасайды.
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ қазіргі таңда еліміздің әр өңірінде ашылған 21 мектепті қамтиды. ДББҰ ашылғаннан 2023 жылдың 6 наурызына дейін "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ басқарма төрағасы қызметін Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы атқарып келді. 2023 жылдың 6 наурызынан бастап басқарма төрағасы - Жанғозин Ануар.[3]
2025 жылғы тамызда өңірлердегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің атауы біркелкі "жаратылыстану-математика бағытындағы НЗМ" деп өзгертілді. Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы зияткерлік мектептер орналасқан ауданы бойынша аталды.
Remove ads
Аймақтардағы мектептер
- Астана қаласы. Қазір Астанада екі түрлі бағытта оқытатын үш мектеп қызмет етеді. Бірі жаратылыстану-математика, ал екеуі халықаралық бакалавриат бағытында оқытады.
- Астана қаласы Нұра ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. Астана қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2009 жылы 12 қаңтарда ашылды. Бұл Қазақстандағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің алғашқысы. Мектеп жанында 200 орындық жатақхана бар.[4]
- Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. 2010 жылы 1 қыркүйекте Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларға есігін айқара ашты. 2011 жылғы 12 шілдеде Халықаралық Бакалавриатта Астана қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін авторизациялау туралы шешім қабылданды. Халықаралық Бакалавриат шеңберінде оқушыларға оқу бейінін таңдауда икемділік берілуіне байланысты химия-биологиялық бейін жойылып, мектеп Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі болып өзгертілді.
- Астана Халықаралық мектебі 2013 жылы ашылды. Сол жылы мектепте 4 сынып және 10 мұғалім болса, 2025 жылғы ақпарат бойынша 1426 оқушысы мен 180 ұстазы бар[5]. Сол оқу жылында 45 тәрбиеленушісі бар балабақша ашылды.
- Семей қаласы. Семей қаласында 2009 жылы 1 қыркүйекте жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды. Ол 2-ші атаулы мектеп болып табылады.[6]
- Талдықорған қаласы. 2010 жылдың 21 тамызында Талдықорған қаласында жаратылыстану-математика бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды.[7] Ашылу рәсіміне Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Мектеп әлем стандарттарына сай салынған.
- Өскемен қаласы. Жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Өскемен қаласында «20 зияткерлік мектеп» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылып, 2010 жылдың 13 қыркүйек айында жұмысын бастады.[8]
- Орал қаласы. Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2012 жылы қыркүйек айының 29-шы жұлдызында ашылды. Мұнда аудандардан келген оқушыларға арналған 120 орынды жатақхана бар.
- Шымкент қаласы. 2013 жылдың 16 ақпан күні Шымкент қаласында Абай ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы мектептің ашылу салтанаты өтті.[9] Бұл Қазақстан аумағындағы 9-шы атаулы мектеп. Басқа қаладан келген оқушыларғы арналған 120 орынды жатақхана бар. 2013 жылдың 25 ақпан күні Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы мектептің ашылу салтанаты өтті.
- Ақтөбе қаласы. Жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Ақтөбе қаласының Батыс-2 шағын ауданында 2013 жылы 25 ақпанда ашылды. Мектеп 720 орынға есептелген. Ауылдан келген балалар үшін 120 орынға арналған жатақханасы бар.[10]
- Қарағанды қаласы. Қарағанды қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 1 ақпанында ашылды. Мұнда аудандардан келген оқушыларға арналған 120 орынды жатақхана бар.
- Көкшетау қаласы. 2013 жылдың 23 ақпан күні Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7-сынып оқушыларын жаратылыстану - математикалық бағытындағы пәндерді оқуға деген қабілеттерін анықтауға арналған Джонс Хопкинс Университетінің «Дарынды жастар» орталығы жасаған психометрикалық тест өткізіледі. Мұнда қаладан тыс аумақтардан келген оқушылар үшін 130 орынды жатақхана бар.
- Тараз қаласы. Тараз қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 4-ші шілдесінде ашылды. Мұнда аудандардан келген оқушыларға арналған 120 орынды жатақхана бар.
- Павлодар қаласы. Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 27-ші тамызында ашылды. Мұнда аудандардан келген оқушыларға арналған 120 орынды жатақхана бар.
- Қызылорда қаласы. Қызылорда қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 30-шы тамызында есігін ашты. Мұнда аудандардан келген оқушыларға арналған 120 орынды жатақхана бар.
- Атырау қаласы. Атырау қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 11-ші қыркүйегінде есігін ашты. Мұнда аудандардан келген оқушыларға арналған 120 орынды жатақхана бар.
- Алматы қаласы. Алматы қаласында 2 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп пен 1 бастауыш мектеп бар.
- Алматы қаласы Медеу ауданындағы Назарбаев Зияткерлiк мектебi. Медеу ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы НЗМ 2014 жылғы 4 шiлдеде ашылды. Алматы-Медеу НЗМ-де 762 оқушы бiлiм алып жатыр. Мектеп "Таулы қырат" ықшамауданында орналасқан.
- Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Назарбаев Зияткерлiк мектебi. Наурызбай ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы НЗМ 2015 жылғы 11 тамыз күні 19-шы мектеп болып ашылған. Мектепте 1200-ден астам оқушы оқиды. Алматы-Наурызбай мектебінің аумағы НЗМ желісінде ең үлкен болып саналады. Шеттен келіп оқитын оқушыларға арналған 4 қабатты жатақханасы бар.
- International Steppe School of Almaty by NIS. Бұл мектеп NIS-Porgramme бағдарламасы бойынша 1-5 сынып оқушыларын оқытады. 2025 жылы Алматы-Медеу мектебінің жанында ашылған.[11]
- Қостанай қаласы. Қостанай қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2014 жылдың 12 желтоқсанында ашылды. Алыс аудандардан келіп білім алатын балалардың 120 орындық жайлы жатақханада тұруына мүмкіндіктері бар.
- Петропавл қаласы. Петропавл қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2015 жылдың 4 шілдесінде ашылды. 720 орынға арналған білім мекемесі қаладағы жаңа «Береке» шағын ауданында бой көтерді. Мұнда аудандардан келген оқушыларға арналған 120 орынды жатақхана бар.
- Ақтау қаласы. Ақтау қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы НЗМ 2015 жылдың 27 тамызында ашылды. 720 балаға арналған зияткерлік мектеп облыс орталығының 33-шағын ауданында орналасқан. Алыс-шалғай елді-мекендерде тұратын балалар үшін мектеп 120 балаға арналған жатақхана бар.
- Түркістан қаласы. Түркістан қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2021 жылдың 26 қарашада ашылды. 720 орынға арналған білім мекемесінің 360 орынды асханасы бар. Мұнда аудандардан келген оқушыларға арналған 120 орынды жатақхана бар.
Remove ads
Еншілес ұйымдары мен филиалдары
- «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы
- «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы
- «Педагогикалық шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесі
- «NIS Ақпараттық технологиялар және қызмет көрсету орталығы» жеке мекемесі
- «BeyimTech» ЖШС
- «Даму қоры» корпоративтік қоры
- «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ (50%)
- «International Steppe School of Almaty» ЖШС[12]
Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі Wikipedia клубы
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Wikipedia ғаламдық жобасына қосылып, өздерінің Wikipedia атты клубын ұйымдастырды. Wikipedia клубының белсенді қатысушылары жыл соңында Wikimania конференциясына барып қайтады.
Сыртқы сілтемелер
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads