Нейрохирургия

From Wikipedia, the free encyclopedia

Нейрохирургия
Remove ads

Нейрохирургия (гректің neuron – жүйке және хирургия) – клиникалық медицинаның шеткі және орталық жүйке жүйесінің ауруларының себептерін анықтап, оларды хирургиялық жолмен емдейтін және диагностикасын қоятын саласы.

More information Хирургия салалары ...
Thumb
Нейрохирургиямен айналысқан тұлғалар

Нейрохирургия жеке ғылым саласы ретінде 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап дамыды. Алғашқы Нейрохирургиялық операция – бас сүйекті ашу (трепанация) көне заманнан белгілі, бұл әсіресе Майя өркениеті кезінде кең дамыған. Бұл туралы алғашқы қолжазбалар үнді дәрігері С.Самхит пен Гиппократ, қайта өрлеу заманында А.Везалий еңбектерінде кездеседі. Ежелгі түрік тайпаларында да бас сүйекке трепанация жасалғаны туралы мәлімет бар. 1957 жылы археологиялық қазба кезінде Қарағанды облылы Қарабие ауылында ескі түркі қорғанынан трепанация жасалған бас сүйек (б.з.б. 5 – 8 ғасырлар) табылған. 19 ғасырда зақымданған бас миының морфолия және патофизиолия өзгерістері туралы орыс ғалымы Н.Н. Пирогов (1810 – 81) жазды. Сол жылдары бас миы ісігі мен абсцесске алғашқы операцияны ағылшын хирургтері жасаса, неміс ғалымы Ф.Краузе (1856 – 1939) остеопатия краниотомия (бассүйекті ашып жабу тәсілі) тәсілін пайдалана бастаған. Бұл тәсіл күні бүгінге дейін қолданылады.

Қазақстанда Нейрохирургия 1959 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) курс түрінде, кейін 1964 жылы Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында арнайы кафедра ашылып, мамандар дайындады және емдік-методологиялық орталыққа айналды. Нейрохирургия мәселелерімен Қарағанды, Семей, Батыс Қазақстан және Қазақ мемлекеттік медицина академиялары шұғылданады. Нейрохирургиялық дерттер – бас миы ішінен және ми қабыршағынан болатын орталық жүйке жүйесі ісіктері, жұлын миының, омыртқаның ісіктері, бас миы бағанасының, мишықтың ісіктері болып бөлінеді. Қазіргі уақытта Нейрохирургиялық диагностиканың негізгі тәсілдері – компьютерлік, магнитті-резонансты томография және ангиографияның, микрохирург. тәсілдердің, операциялық микроскоптардың дамуы бассүйек, мидың зақымдану дәрежесін анықтап, бұрын қол жетпеген ми ісіктерін алып тастауға мүмкіндік береді. Эндоваскулярлық тәсілдің дамуы (бұрын операция жасалынбайтын) мидың қантамырлар патологиясын трепанациясыз емдеуге жол ашты. Консервативтік емдеуге көнбейтін созылмалы ауру синдромдарын, экс-трапирамидалық жүйке жүйесінің ауруларын, мидың ішкі терең қабатының патологиясын емдеуде стереотаксистік деструкция тәсілін қолданады (функционалды Нейрохирургия). Бас миы мен жұлынға эндоскопиялық операция жасау, лазерлік техниканы қолдану, гамма сәулелерін пайдаланып радиохирургиялық ем жасау жедел дамуда. Нейрохирургияның дамуына Қазақстандық ғалымдар Е.Азарова,А.Бірімжанова,В.Е. Эйгинсон, т.б. үлес қосты. [1]

Remove ads

Тарих және тұлғалар

XVI ғасыр

  • Бірінші таза нейрохирургиялық нұсқаулық («Tractatus de Fractura Calvae sive Cranei a Carpo editus») 1518 жылы Болоньяда Беренгарио да Карпи басып шығарды. Жұмыс, ең алдымен, автордың Лоренцо де Медичидегі желке сүйегінің сынуын сәтті емдеуін сипаттауға арналған, бірақ сонымен бірге жалпы ұсыныстарды береді.[2]
  • Амброуз Паре трепанация техникасының дамуына үлкен үлес қосты, трепанацияның құралдары мен әдістерін, остеомиелитті сүйекті алып тастауды, субдуральды гематомаларды және эмпиемаларды дренажды егжей-тегжейлі сипаттады және бас сүйегінің басылған сынықтарын қайта орналастыру әдісін ұсынды.
Remove ads

Сілтемелер

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads