Онега
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Онега (ежелгі орыс тілінде – Онего) – Ресейдің солтүстік-батысында, Карелияда, Ленинград және Вологда облыстары жерінде орналасқан тұщы көл.[1]

Аумағы
Ауданы (аралдарсыз) 9690 км², тереңдігі 127 метр Қазаншұңқыры мұздық-тектоникиалық жолмен пайда болған.
Географиясы
Төрттік мұз басудан көл айдыны көп өзгеріске ұшыраған. Солтүстік және солтүстік-батыс жағалауы жартасты, ірі шығанақты кірмелермен тілімденген. Оңтүстік бөлігі аласа, тілімденбеген. Онега көлінде аралдар көп (жалпы ауданы 250 км²). Көлге Шуя, Вытегра, Водла, Суна, т.б. өзендер құйып, Свирь өзені ағып шығады. Қараша-мамыр айларында қатады. Су ағынын Жоғарғы Свирь СЭС-і реттеп тұрады. Балыққа бай. Кеме жүзеді. Беломор-Балтық каналы арқылы Балтық, Ақ теңіздерінің алабымен, Волга-Балтық каналымен Волга өзенінің алабымен жалғасқан. Жағалауында Петрозаводск, Кандопога, Медвежьегорск, Повенец, т.б. қалалар бар.
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads
