Онтарио
Канада провинциясы From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Онтарио (ағылш. Ontario [ɒnˈtɛəri.oʊ]) — Канаданың орталық шығысында орналасқан провинция. Канаданың он үш провинциялары мен территорияларының бірі.[4] Бұл мемлекет халқының 38.3 пайызы тұратын Канададағы халық ең көп шоғырланған және жер аумағы бойынша Квебектен кейінгі екінші провинция. Онтарио батысында Манитоба, шығысында Квебек провинцияларымен, оңтүстігінде АҚШ-тың Миннесота, Мичиган, Огайо, Пенсильвания және Нью-Йорк штаттарымен шектеседі. Онтариода Канаданың астанасы — Оттава қаласы және Канададағы ең ірі қала — Торонто қаласы орналасқан[5], Торонто сондай-ақ Онтарионың әкімшілік орталығы болып табылады.

Онтарионың АҚШ-пен 2,700 кмге (1,678 мильге) созылған шекарасының барлығы дерлік ішкі сулармен өтеді. Тек қана 1 кмге (0.6 мильге) жуық құрлықтық шекара бар. Онтарио — Ұлы көлдермен шектесетін жалғыз провинция. Онтарио — жарты миллионға жуық көлдері бар жазық жер. Олардың арасында Ұлы көлдер бар, ал Ұлы көлдердің ішінде провинция өз атауын алған Онтарио көлі орналасқан.[6] АҚШ-пен Канада арасындағы мемлекеттік шекарада Ниагара сарқырамасы орналасқан.
Онтарио кейде тұжырымдамалық тұрғыдан екі аймаққа бөлінеді: Солтүстік Онтарио және Оңтүстік Онтарио. Онтарио тұрғындарының және егін алқаптарының басым көпшілігі оңтүстікте орналасқан. Керісінше, Солтүстік Онтарионың көп бөлігі қыста суық және қалың ормандармен сирек қоныстанған.[7]
Провинцияның жер аумағы — 1,076,395 км², 2016 жылғы санақ бойынша халық саны — 13,448,494, ресми тілі — ағылшын тілі.
Remove ads
Сөз төркіні
Провинция Онтарио көлінің құрметіне аталған, ал Онтарио (гуронша: Ontarí:io) термині гурон тілінен аударғанда «үлкен көл» дегенді білдіреді,[8] немесе сканадарио, Ирокой тілдерінен аударғанда «әдімі су» дегенді білдіреді.[9]
География
Провинция солтүстіктен оңтүстікке дейін 1730 км-ге, батыстан шығысқа дейін 1690 км-ге созылған.[10] Провинцияның аумағы 1,076,395 км² құрайды, оның ішінде құрлық — 917,741 км² (85.26 %), су — 158,654 км² (14.74 %). Онтарио Канада аумағының 10.8 пайызын алып жатыр және бүкіл Канада провинциялары мен территорияларының ішінде жер аумағы бойынша 4-ші орынды алады және 2-ші орынды тек құрлық аумағы бойынша алады (аралдарды қоспағанда).[10][11] Провинция құрамында 1864 арал бар.[12]
Remove ads
Дереккөз: Environment Canada[13]
Remove ads
Демография


2016 жылғы санақ бойынша Онтариода 13,448,494 адам тұрған, ал 2011 жылы 12,851,821 адам, 2006 жылы 12,160,282 адам тұрған. Онтарио Канададағы халқы ең көп провинция болып табылады, Канаданың 38.3 пайыз халығы Онтариода қоныстанған. Бірақ, Онтарио халқы мүлдем біркелкі орналаспаған. Онтарионың 85—86 пайыз аумағын алып тұрған Солтүстік Онтариода Онтарионың тек 6 пайыз халқы тұрады, ал провинцияның оңтүстік-батысында орналасқан, провинция аумағының 14—15 пайызын алып тұрған Оңтүстік Онтариода Онтарионың 94 халқы қоныс тапқан. Қала тұрғындарының үлесі 85 пайызды құрайды.[14]
Remove ads
Remove ads
Ең ірі дін тобы — Христиандар 74.6 %, оның ішінде Протестанттар 34.9 %, Католиктер 34.7 %. Онтарио провинциясында Канада мұсылмандарының тең жартысы орналасқан — 581,950 (4.6 %).
2011 жылғы мәлімет бойынша Онтарионың негізгі дін топтары мынандай:
Remove ads
Онтарио провинциясының негізгі тілі ағылшын тілі болып табылады, ол сондай-ақ провинцияның Де-Факто ресми тілі болып табылады.[16] 2016 жылғы өткізілген санақ бойынша Онтарио халқының шамамен 97.2 пайызы ағылшын тілін меңгерген, бірақ халықтың 69.5 пайызына ғана ағылшын тілі ана тілі болып табылады.[17] Ағылшын Канаданың екі ресми тілдерінің бірі, екіншісі француз тілі. Ағылшын және француз тілдері Онтарио соттарының ресми тілдері. Онтарио халқының 11.5 пайызы француз тілін меңгерген, ал шамамен 4.6 пайызына француз тілі ана тілі болып табылады.[18] Онтарио тұрғындарының шамамен 11.2 пайызы екі тілде де сөйлейтінін, ал 2.5 пайызы екі тілдің бірде біреуін білмейтінін айтты.
Remove ads
![]() |
Гендерлік таралу екі Американың көптеген аймақтарына тән — әйелдер саны (6,229,580) ерлер санынан (5,930,700) көп. 25 жасқа дейінгі жас тобында ер адамдар, ересек топта әйелдер басым.[19]
Жас құрылымы — халықтың орташа жасы 39.0 жас (ерлер — 38.1, әйелдер — 39.9).
Өмір сүру ұзақтығы 83 жасты құрайды. Туу көрсеткіші 10.8 ‰ құрайды (Канада бойынша — 11.3 ‰).[20] Өмірінің алғашқы жылындағы сәби өлімі 5.2 ‰ құрайды (Канада бойынша — 5.1 ‰).[21] Өлім көрсеткіші 7.1 ‰ құрайды (Канада бойынша — 7.3 ‰).
Онтарио қалалары


Remove ads
Дереккөздер
Сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads