Орал облысы (Ресей империясы)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Орал облысы — 1868-1920 жылдары болған Ресей империясындағы облыс.
Remove ads
Тарихы
Орал облысы император II Александрдың 1868 жылғы 2 қарашадағы жарлығымен құрылды. Оған Орал казак әскерінің жерлері (1917 бастап Жайық казак әскері) мен Орынбор Қазақтары аймағының бір бөлігі кірді. Гурьев, Қалмақ, Ембі, Орал уездеріне бөлінді. Орынбор (1868–1881) және Дала генерал-губернаторлықтарының (1882–1917) құрамына кірді.
1891 жылы Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы Ережемен Ембі уезін Темір уезі деп өзгертті. 1899 жылы Қалмақ уезі Ілбішін уезі болып өзгертілді.
1918 жылы 29 наурызға қараған түні Оралда Жайық казак әскерінің әскери үкіметі «Алаш» партиясының өкілдерімен одақтасып, төңкеріс ұйымдастырды. Облыс орталығы ақ әскерлердің қарамағына өтті. Орал әскери үкіметі құрылды. 1919 жылдың қаңтар-наурызында ЖШҚӘ бір бөлігі Орал облысының көп бөлігін басып алды. 1919 - 1920 жылдары оның аумағында ЖШҚӘ бөлімдері мен генерал-лейтенант В.С.Толстовтың басқаруындағы Орал ақ әскерлері арасында ауыр шайқастар өтті.
1920 жылдың басында Орал облысының аумағы толығымен ЖШҚӘ қарамағына өтті. Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі әскери-революциялық комитет пен Орынбор губерниялық атқару комитетінің 1920 жылғы 7 шілдедегі бірлескен шешімімен Темір уезі жаңадан құрылған Орынбор-Торғай губерниясына берілді.
БОАК мен РКФСР ХКК 1920 жылғы 26 тамыздағы жарлығымен Қазақ АСКР құрамына енгізілді. 1920 жылдың 12 қазанында Қырғыз АКСР Кеңестерінің І Құрылтай съезінің шешімімен Орал губерниясы болып өзгертілді[1].
Remove ads
Географиясы

Орал облысы Еуропалық Ресейдің оңтүстік -шығысында, 53° пен 45,5° с.е. және 49° пен 59° ш.б. аралығында орналасып, 323 700 км² (284 412 шаршы шақырым) аумақты алып жатыр, оның 70 640 км² (62 068 шаршы шақырым) бөлінбейтін қауымдық меншік ретінде Орал казак әскеріне тиесілі, ал 253 000 км² (222 344 шаршы шақырым) мемлекеттік меншікті құрай, қырғыз-қайсақтардың жалпыға ортақ пайдалануына берілді. Кеңістік бойынша бұл облыс Ресей империясының губерниялары мен облыстары арасында 19-орынды, Еуропалық Ресейде 4-орынды иеленді.
Шекарасы: солтүстікте — Орынбор және Самара губерниялары, батыста — Самара губерниясы, Астрахан губерниясының Ішкі немесе Бөкей Ордасының жерлері, оңтүстік-батысында — Каспий теңізінің бір бөлігі, оңтүстігінде — Күнгей Каспий облысы мен Каспий теңізінің жағалауы, шығыста — Торғай облысы мен Арал теңізінің бір бөлігі.
1932 жылдан бастап облыс аумағы РКФСР құрамындағы Қазақ АКСР Батыс Қазақстан облысының құрамына кіреді.
Remove ads
Әкімшілік бөлінісі
XX ғасырдың басында бұл облысқа 4 уез кірді:
1920 жылы Темір уезі Торғай губерниясына берілді, ал облыс Қырғыз АКСР құрамында аттас губернияға айналды.
Тұрғындары
1897 жылғы ұлттық құрамы[3]:
Облыс жетекшілігі
Remove ads
Remove ads
Бейнелемесі
-
Облыстың ресми елтаңбасы (ІІМ шығ., 1880)
-
Облыстың бейресми елтаңбасы (Сукачов шығ., 1878)
-
Таңғажайып балығы бар облыстың елтаңбасы (Штрехл, 1899)
-
Облыс елтаңбасының заманауи суреті (2000-жылдары)
-
Ресми сипаттамасы бар облыстың елтаңбасы (П. Винклер, 1899)
-
II Александр бекіткен ресми сипаттамасы бар облыстың елтаңбасы (1878)
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads