Орынбор-Торғай губерниясы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Орынбор-Торғай губерниясы — 1920-1921 жылдары болған РКФСР құрамындағы Қазақ АСКР әкімшілік-аумақтық бірлігі. Орталығы — Орынбор қаласы.

Quick facts Әкімшілігі, Ел ...

Тарихы

Губерния 1920 жылы 7 шілдеде Қазәскеревком мен Орынбор губатқарком бірлескен қаулысымен Орынбор мен Торғай губернияларын, сондай-ақ Орал облысының Темір уезін біріктіру арқылы құрылды. Губерния

«... уақытша, Қазақ Республикасының ішкі әкімшілік бөлінісі туралы мәселе түпкілікті шешілгенше ...»

деп құрылды.

1920 жылы қарашада Қостанай уезі Челябі губерниясы құрамынан шығарылып, Орынбор-Торғай губерниясына берілді.

1921 жылдың сәуіріне қарай Орынбор-Торғай губерниясы іс жүзінде Ақтөбе, Қостанай және Орынбор губернияларына бөлінді, бірақ ресми түрде өмір сүруін жалғастырды.

1921 жылы 8 желтоқсанда Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Орынбор-Торғай губерниясының бөлінуін бекітті.

Remove ads

Сілтеме

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads