Орибе Перальта

From Wikipedia, the free encyclopedia

Орибе Перальта
Remove ads

Орибе Перальта Моронес (ис. Oribe Peralta Morones; 12 қаңтар 1984 жыл, Торреон, Мексика) — мексикалық футболшы, Мексика Ұлттық футбол құрамасы мен "Америка" клубының шабуылшысы.

Quick facts Жалпы мағлұмат, Толық аты ...
Remove ads

Карьерасы

"Морелия" футбол академиясының түлегі. Мексика чемпионатында тұңғыш рет 2003 жылы болашақ клубы "Америкаға" қарсы алаңға шықты. Бұл ойында "Монаркас Морелия" 1:2 есебімен ұтылып қалды. Келесі маусымда бір жылдай "Лионда" ойнап, 33 кездесуде 10 гол соқты. Әзірше ең ұзақ ойнаған клубы "Сантос Лагуна". Сегіз жылдай "Сантос Лагунаның" намысын қорғап, 200 аса ойында алаңға шықты. 2014 жылы қазіргі клубы "Америкаға" ауысты.

Ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын 2011 жылы 10 тамыз күні АҚШ құрамасының қақпасына соқты. 2014 жылғы әлем біріншілігінде Камерунның қақпасына ойын тағдырын шешкен жалғыз голды енгізді.

Remove ads

Жетістіктері

Командалық

Мексика «Леон»

  • Мексика чемпионы — Клаусура 2004

Мексика «Сантос Лагуна»

  • Мексика чемпионы — Клаусура 2008, 2012

Мексика «Америка»

  • Мексика чемпионы — Апертура 2014
  • КОНКАКАФ Чемпиондар Кубогы — 2014/2015, 2015/2016

 Мексика

  • Панамерикалық ойындар жеңімпазы — 2011
  • Олимпиада чемпионы — 2012
  • КОНКАКАФ чемпионы — 2015

Жеке жетістіктері

  • Панамерикалыөқ ойындардың үздік мергені — 2011
  • Апертура турнирінің үздік мергені 2011
  • Клаусура турнирінің үздік мергені 2012
  • КОНКАКАФ Чемпиондар Лигасының мергені — 2011/2012 (7 гол), 2014/2015 (7 гол)

Футболшының профилі

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads