Орхус
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
О́рхус (дат. Aarhus) — Дания мемлекетіндегі ірі қалалардың бірі.Ютландия түбегінің шығысында,Орхус-Бугт шығанағының жағасында орналасқан. Орхус коммунасының әкімшілік орталығы. Халқы — 310 956 адам (2011) [1]
Remove ads
Тарихы
Алғашқы рет 948 жылда атап өтілді. X—XIII ғасырларында католик орталығы ретінде тез дами бастады, бірақ кейін көп уақытқа құлдырап қалды. XIVғасырында оба ауыры бүкіл қала бойынша таратылды. XIX ғасырда теміржол орнатылғаннан кейін, Орхус қаласының экономикасы түзіле бастады.
Экономикасы
Орхус қаласы — сауда-өнеркәсіптік орталығы, теміржол торабы. Машина жасау (Danfoss компаниясы), химиялық, тоқыма, тамақ өнеркәсібі дамыған. Сонымен қатар, Орхус қаласында Arla Foods дат-швед компаниясының штаб-пәтері орналасқан. Arla Foods — сүт өнімдерінің ірі өндіруші компанияларының бірі..
Мәдениет

Орхус қаласында Орхус университеті (1928 жылы құрылған), опера театры, ботаника бағы орналасқан.
Атақты жергілікті адамдары мен тұрғындары
- Вероника Мортенсен — джаз әншісі.
- Бьёрн Страуструп — C++ бағдарламалау тілінің авторы.
- Людвиг Шитте — композитор және пиано ойнаушы, Листаның оқушысы, көрнекті оқытушы.
- Йенс Кристиан Скоу — ғалым, Нобель сыйлығының лауреаті(1997).
- Габриэль Аксель — кинорежиссёр.
Спорт
- 2006 жылда Орхус қаласында жазғы спорттық бағдарлау бойынша әлем чемпионаты өтті.
Туыстас қалалар
Охус қаласының туыстас қалалары белгіленген[2]:
Сілтемелер
- Қаланың ресми сайты Мұрағатталған 7 ақпанның 2005 жылы. (ағыл.)
- Туристік ресми сайты Мұрағатталған 8 қыркүйектің 2012 жылы. (ағыл.)
- Қаланың сипаты Мұрағатталған 22 мамырдың 2014 жылы.
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads