Палестиналық арабтар

From Wikipedia, the free encyclopedia

Палестиналық арабтар
Remove ads

Палестиналықтар — Палестина арабтары, Палестина аймағының байырғы және негізгі халқы. Жалпы саны 10,4 млн адам. (2012), оның ішінде: Палестина территориясында – 4 млн адам, Израильде – 1 млн адам, Иордания – 3 млн адам, Сирия – 0,6 млн адам, Ливан – 0,5 млн адам, Сауд Арабиясы – 0,4 млн адам, БАӘ – 0,3 млн адам, Катар – 0,3 млн адам, АҚШ-та 93,4 мың адам (2010, халық санағы) тұрады.[1]

Quick facts Бүкіл халықтың саны, Ең көп таралған аймақтар ...
Remove ads

Тілі

Араб тілінде (сиро-палестин диалектісінде) сөйлейді.

Діні

Көпшілігі сүнниттік мұсылмандар және христиандар (негізінен Галилеяда).[2]

Тарихы

Олар өздерінің этникалық тарихын Палестинаның ежелгі тұрғындарынан бастайды. 1920–47 жылдары Палестина Ұлыбританияның мандаттық аумағы болды. БҰҰ-ның 1947 жылғы 29 қарашадағы қарарында британдық мандат жойылып, Палестина аумағында екі мемлекет: еврей және араб мемлекетін құру қарастырылған.

Thumb
Палестиналық босқындар 1948 ж.

Израиль (1948 жылы мамырда Палестина территориясының бір бөлігінде құрылған) мен көрші араб мемлекеттері арасындағы 1948–49 жылдардағы соғыс нәтижесінде Израиль араб Палестина мемлекетін құруға берілген аумақтың көп бөлігін басып алды. 900 мыңнан астам палестиналық өз елдерін тастап кетуге мәжбүр болды.

1967 жылы маусымда Израиль бұрынғы мандатты Палестинаның бүкіл аумағын, сондай-ақ бірқатар басқа араб территорияларын басып алды. Босқындар саны шамамен 2 миллион адамды құрады (1987). 1993 жылдың қыркүйегінде Израиль мен Палестинаны азат ету ұйымы (ОP) арасында өтпелі кезең ішінде (5 жылға дейін) бірыңғай аумақтық құрылым болып табылатын Газа секторында және Иерихон қаласының аймағында (Иордан өзенінің батыс жағалауы) палестиналықтардың шектеулі өзін-өзі басқаруын енгізуді көздейтін реттеу принциптері туралы Декларацияға қол қойылды.

1994 жылы мамырда Уақытша Палестина билігі құрылды. Палестиналықтардың өзін-өзі билеу және өз ұлттық мемлекетін құру үшін күресінде этникалық консолидация процесі күшейіп келеді. Израильдегі палестиналықтардың 75%-дан астамы араб сипатын сақтайтын елді мекендерде, негізінен Солтүстік Галилеяда (Назарет, т.б.) тұрады. Палестиналықтардың көпшілігі еврейлер тұратын қалаларда тұрады: Тель-Авив, Хайфа және т.б.[3][4]

Кәсібі

Көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын Израильдегі Палестина арабтар (10%) Негев шөлінде ғұмыр кешеді. Қой мен ешкі, түйе өсіреді. Отырықшылары дәнді дақылдар, бау-бақша, көкөніс егеді.[5]

Өмір салты

Палестинаның мәдениеті өте қызықты, оның себебі мыңдаған жылдар бойы орын алған дәстүрлердің алуан түрлі қоспасы. Ислам дінін ұстанатындардың көпшілігіне қарамастан, аздаған палестиналықтар басқа діндерді де ұстанады. Көбінесе бұл халықтың әдет-ғұрыптары мен өнерінде мұсылмандық дәстүрлер көрінеді. Көптеген халықтар сияқты, палестиналықтардың неке қию рәсімдері этнографтарды ерекше қызықтырады, ең алдымен бұл халық ерекше ұнататын ән мен бидің мерекесі. Палестиналықтардың бірде-бір мерекесі жергілікті аспаптардың сүйемелдеуімен ұлттық билерсіз өтпейді.[6]

Thumb
Палестиналық отбасы
Remove ads

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

Отырықшы ауыл халқы бір қабатты балшықтан (саманнан) жасалған, көбінесе төбесі тегіс бір бөлмеліүйлерде тұрады. Таулы аудандарда тас үйлер салынуда. Көшпенділер мен жартылай көшпенділер ешкі жүнінен жасалған шатырларда тұрады. Қазір арабтардың көпшілігі араб стилінде салынған үйлерде тұрады. Үйлердің қабырғаларының түстері әртүрлі болуы мүмкін - сары, көк, сұр және ақ т.б. Үй ішіндегі жабдықтар иелерінің табысына байланысты. Байлар үйін қымбат жиһаздар мен кілемдермен безендіреді. Аулаларда жануарлар (иттер мен мысықтар) ұсталады.[7]

Remove ads

Дәстүрлі киімдері

Thumb
Палестиналықтардың тағамы - Мусахан

Киімдерінің дәстүрлі араб костюмінен айырмашылығы аз (ұзын жиекті кең көйлек, жүннен жасалған орамал). Күнделікті әйелдер киімі қарапайым матадан тігіледі, қарапайым кестемен өрнектеледі, мерекелік киімдер қымбат матадан, нәзік және түрлі-түсті кестемен тігіледі, той киімі жеңіл матадан тігіледі, түрлі-түсті кестелермен безендіріледі. Ең көп таралған түстер - қара көк, ақ және қара. Киімнің негізгі бөлігі, қаржылық жағдайына қарамастан, камиз (немесе шалвар-камиз) болды. Кейбір ауылдық стильдер жоғалып, басқа стильдермен (мәнер) ауыстырылды. Шавал, Батыс жағалау мен Иорданияда танымал стиль.[8]

Remove ads

Дәстүрлі тағамдары

Отырықшы Палестиналықтардың тағамы – ұнтақталған бидайдан (бургул), шелпек, қышқыл сүт пен қой ірімшігі, зәйтүн, жазда жеміс-жидек, ерекше жағдайларда еттен жасалған ботқа. Көшпелілердің рационында сүт өнімдері басым.[9]

Фольклоры

Thumb
Палестин қыздарының биі

Көркем шығармашылық, музыка, би, халық сәулет өнері, қолданбалы өнер дамыған. Ерлердің орындауындағы палестиналық дабке халық биі бастапқыда Леванттан шыққан. Бұл Палестина мәдениетінде танымал және көптеген труппалар бұл биді бүкіл әлемде орындайды. Дабке синхронды секіру мен аяқпен тепкілеу және тапырлатып билеу сияқты қозғалыстармен ерекшеленеді. Палестиналықтар арасындағы дәстүрлі әңгіме тыңдаушыларды Құдайға және Мұхаммед пайғамбарға немесе Марияға жарылқауға шақырумен басталады.

Дәстүрлі Палестина әндерінде белгілі бір мәтін жоқ, керісінше халық поэзиясының импровизацияланған өлеңдерін жасауға мүмкіндік беретін белгілі бір ырғақ бар. Халық әндерінің бұл стилінің түрі атааба, ол белгілі бір пішін мен өлшемдегі 4 тармақтан тұрады. Атаабтың ерекшелігі – алғашқы үш тармақ бір сөзбен аяқталып, үш түрлі мағынаны білдіреді, ал төртінші тармақ қорытынды қызметін атқарады. Атааба Израильдегі, Батыс жағалаудағы және Газа секторындағы араб елді мекендеріндегі үйлену тойлары мен фестивальдерде орындалады. 1990 жылдардан бастап палестиналық хип-хоп жанры дәстүрлі палестиналық музыканың элементтерін және араб әуендерін хип-хоп ырғақтарымен біріктірді.[10]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads