Панама

From Wikipedia, the free encyclopedia

Панама
Remove ads

Панама, Панама Республикасы (ис. República de Panamá [re̞ˈpuβ̞lika ð̞e̞ panaˈma]) — Орталық Америкадағы Панама мойнағында орналасқан мемлекет. Жерінің аумағы 77,1 мың км². Халқы 3,4 млн. (Қазіргі уақытта 4,3 млн адам тұрады) (2010). Халқы негізінен метистер (60%), байырғы тұрғындары – үндістер. Олардан басқа көрші елдерден қоныс аударғандар, қытайлықтар тұрады.

Thumb
Панама жері
  • Астанасы – Панама қаласы.
  • Ресми тілі – испан тілі.
  • Халқының көпшілігі христиан-католиктер.
  • Мемлекет және үкімет басшысы президент.
  • Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы ассамблея.
  • Әкімшілік жағынан 9 провинция мен арнайы аумаққа бөлінеді.
  • Ақша бірлігі – бальбоа
Quick Facts Тарихы, Мемлекеттік құрылымы ...
 Басқа мағыналар үшін Панама (айрық) деген бетті қараңыз.

Панама аумағы Орталық Американың ең жіңішке бөлігін алып жатыр. Жағалауы аласа, абразиялы және абразиялы-аккумулятті, солтүстік-батысы лагуналы. Тынық мұхит жағалауы тілімделген, шығанақты (Панама, Монтихо), аралды (Інжу, Койба, т.б.) келеді. Бүкіл аумағын бойлай тау жоталары созылып жатыр. Тау аралық ойыстар мен жағалық бөлігін ойпатты өңірлер алған. Жер сілкіністері жиі болып тұрады.

Remove ads

Климаты

Климаты субэкваторлық, ыстық және ылғалды. Орташа айлық температурасы 25 – 28°С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 3500 мм.

  • Өзен торы жиі. Ірі өзені – Чагрес.
Thumb
Панама жері

Тарихы

Испания отарына айналғанға дейін Панама жерін 60-тан астам үндіс тайпалары мекендеген. Батысында чибча тілдер тобына жататын үндістер, шығысында кариб тайпалары, оңтүстік-шығысында чоко тайпалары өмір сүрді. Бұлардың бәрі алғашқы қауымдық құрылыс сатысында болды. Панама жерін 1501 ж. испан конкистадоры Родриго де Бастидас ашты. Осы кезден бастап Панама Испанияның отарына айналды. 1542 – 65 ж. Панама Гватемала генерал-капитандығының, содан соң 1718 жылға дейін Перу вице-корольдігінің құрамына кірді. 17 ғасырдан бастап испандар банан плантациялары мен кеніштерінде жұмыс істеу үшін Африкадан негр-құлдарды әкелді. 1821 ж. қарашада Панама тәуелсіздігін жариялап, Жаңа Гранада құрамында Ұлы Колумбия федерациялық респуб ликасының құрамына енді. 1830 ж. Ұлы Колумбия құлап, Панама департамент құқында Жаңа Гранада республикасы (1886 жылдан Колумбия) құрамында қалды. 1903 ж. 3 қарашада Панама Колумбиядан бөлініп шығып, өзін тәуелсіз республика деп жариялады. 2-дүниежүз. соғыс кезінде АҚШ әскери базасын Панамаға орналастырды. Жаппай халық көтерілістері мен бейбіт шерулерден кейін 1968 ж. мемлекеттік төңкеріс болып, әскери диктатура орнады. 1989 ж. желтоқсандағы АҚШ қарулы интервенциясы нәтижесінде әскери жүйе құлады. 1990 ж. ақпан айында АҚШ әскери күшінің Панамадан шығарылуы жаңа мемлекеттік құрылыстың қалыптасуымен аяқталды. 1994 ж. 8 мамырдағы сайлауда Рев.-демокр. партияның өкілдері жеңіске жетті.

Remove ads

Сауда

Панама – агр. ел. Егістік жерлерінің көп бөлігін банан плантациялары алып жатыр. Банан, цитрустар, қант, кофе өсіріледі. Балық ш. дамыған. Ел экономикасында Панама каналының рөлі өте зор. Каналдан түсетін кіріс ұлттық өнімнің 30%-ын құрайды. Экспортқа банан, қант, кофе, темекі жапырағы, креветкалар шығарып, сырттан түрлі тұтыну бұйымдарын алады.

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads