Пантелеймон Кондратьевич Пономаренко
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Пантелеймон Кондратьевич Пономаренко (9 тамыз 1902 — 18 қаңтар 1984) — қоғам және мемлекет қайраткері, елші, генерал-лейтенант (1943). 1954 жылдың ақпанынан 1955 жылдың тамызына дейін Қазақстан КП ОК-нің 1-хатшысы болды.
Remove ads
Өмірбаян


- Краснодар жұмысшы факультетін (1927), Мәскеу көлік инженерлері институтын (1932) бітірген.
- 1938 жылға дейін әскер қатарында болды, инженерлік қызмет атқарды.
- 1938 ж. БК(б)П ОК аппаратында нұсқаушы, бөлім меңгерушісінің орынбасары
- 1938 — 47 ж. Белоруссия К(б)П ОК-нің 1-хатшысы
- 1942 — 44 ж. Жоғарғы Бас командование ставкасы жанындағы орталығы партизан қозғалысы штабының бастығы
- 1944 — 48 ж. Белоруссия ХКК-нің, Министрлер Кеңесінің төрағасы.
- 1948 жылдан БК(б)П ОК-нің хатшысы
- 1950 — 53 ж. КСРО Дайындау министрі, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары.
- 1953 — 54 ж. КСРО Мәдениет министрі.
- 1954 жылдың ақпанынан 1955 жылдың тамызына дейін Қазақстан КП ОК-нің 1-хатшысы болды. Пономаренко Қазақстанды басқарған кезде тың және тыңайған жерлерді игеру қарқынды түрде жүріп, республикаға басқа ұлт өкілдері көптеп әкелінді.
- 1955 — 62 ж. КСРО-ның Польшадағы, Үндістандағы, Непалдағы, Нидерландтағы елшісі
- 1961 — 62 ж. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікте Кеңес Одағының өкілі.
- Бірнеше орден, медальдармен марапатталған.[1]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads
