Пластмасса
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Пластмассалар, пластикалық материалдар — құрамында бұйымдарды дайындау кезінде созылғыштық немесе жоғары иілгіштік, пайдалану барысында шыны тәріздес немесе кристалдық қалпын сақтайтын полимер бар материалдар. Пластмассалар шыны тәрізді немесе кристалды, созылғыштық қасиеті жоғары, атмосфера әсеріне тұрақты, механикалық жағынан берік болады. Пластмассалардың кез келгенінің (шайыр мен қарамай негізді пластмассаларды қоспағанда) түп негізін полимерлер құрайды. Мысалы, фенол-формальдегидті, поливинилхлоридті ластмассалар, т. б. аталуы да пластмассаларға байланысты алынған. Полимерлерден басқа пластмассалардың құрамына пластификаторлар, толықтырғыштар, стабилизаторлар, бояғыш заттар енеді. Макромолекуласы сызықтық, тармақталған немесе торланған құрылымды болады. Пластмассалар гомогенді (бір фазалы) немесе гетерогенді (көп фазалы) материалдар болуы мүмкін. Гомогенді пластмассаларда полимер материалдың қасиетін анықтаса, гетерогенді пластмассаларда полимер байланыстырғыш қызметін атқарады, қалған құрам бөліктері өз бетінше жеке фазалар түзеді.

Пластмассалар 4 топқа бөлінеді:
- Полимерлену өнімдері негізіндегі пластмассалар — полиэтилен, полистирол және басқа да полимерлерден алынатын пластмассалар.
- Поликонденсациялану өнімдері негізіндегі пластмассалар — полиамидтер, полиэфирлер және т.б. заттардан алынған материалдар.
- Химиялық жолмен модификацияланған табиғи полимерлер негізіндегі пластмассалар — протеин, целлюлоза, галалит тәрізді табиғи заттардан алынған пластмассалар.
- Табиғи және мұнайдан алынатын асфальттар мен шайырлар негізіндегі пластмассалар — табиғи шыққан немесе мұнай өнімдерінен алынған компоненттерге негізделген пластикалық материалдар.
Термопластикалық пластмассалар қыздырғанда пластикалық күйге химиялық өзгеріссіз өтеді. Оларды бірнеше қайтара қыздырып, әр түрлі пішінге келтіруге болады. Термореактивті пластмассалар жылу әсерінен алғашқы кезде пластикалық, одан әрі қыздырғанда химиялық өзгеріске ұшырайды. Оларды алу үшін құрылысы торланған қосылыстарға тез өтетін полимерлер (эпоксид, анилин, фенол-альдегид, т.б.) қолданылады. Пластмассалардың бұл түрінен жасалған бұйымдар шыны тәрізді, сол қалпын термиялық деструкция басталғанға дейін сақтайды. Олар 100 — 500oС аралығындағы температурада өзгеріске ұшырамайды. Пластмассалар электртехника, машина жасау, құрылыс өнеркәсіптері, ауыл шаруашылығы және медицина салаларында кеңінен қолданылады. Пластмассалар өндіру зауыттары Қазақстанда Маңғыстау, Атырау облыстарында бар.
Remove ads
Қолданысы
Пластмасса негізгі қолданылу саласына қарай бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:
- Конструкциялық
- Электр және радио техникалық
- Антикоррозиялық және бүлдіргіш орталарға тұрақтылық
- Дыбыс және жылу оқшаулағыштар
Әр алуан материалдардың жақсы қасиеттері пластмассалардан табылады. Сондықтан техникалық көптеген мәселелерді шешкенде, пластмассалар ең керекті, тіпті баламасы жоқ материал болып саналады. Мысалы, болатты алатын болсақ, ол өте берік, бірақ меншікті салмағы ауыр, мөлдір емес, электрден қорғай алмайды. Ағашты алсақ, ол жеңіл, бірақ берік емес, шіритін материал. Ал пластмассалар осы күрделі талаптардың барлығына жауап бере алады. Олардың арасынан берік те жеңіл. мөлдір және сынбайтын, электрден қорғағыш қасиеттері жоғары және басқа да сапалы қасиеттері бар түрлері кездеседі. Мысалы, химиялық төзімділігі алтын мен платинадан жоғары, үйкеліс коэффициенті өте төмен немесе өте жоғары, тағы басқа материалдар да бар.
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads