Целлюлоза

From Wikipedia, the free encyclopedia

Целлюлоза
Remove ads

Целлюлоза (лат. cellula — клетка), полиглюкопираноза, — негізгі құрам бөліктері өсімдіктер жасушаларының қабығын түзетін үлкен молекулалы көмірсу (полисахарид). Целлюлоза өсімдік тіндеріне механикалық беріктік, серпімділік қасиет береді. Ол өсімдіктерде қарапайым көмірсулардан күрделі биохимиялық синтез нәтижесінде түзіледі. Целлюлоза макромолекуласының қарапайым бунақтары глюкоза ангидриді (глюкопираноза) болып саналады.

Thumb
Целлюлозаның құрылымдық формуласы
Thumb
Целлюлозаның кристаллдық торы

Целлюлоза негізінен кейбір өсімдіктер талшықтарының құрамында болады, мысалы:

  • мақта талшығында (97 — 98%)
  • ағашта (40 — 50%)
  • тінді дақыл талшықтарында (зығырда және талшықты көп жылдық өсімдік — қытай қалақайында 80 — 90%)
  • бір жылдық өсімдік сабақтарында (қамыс, жүгері, астық тұқымдастарда 30 — 40%), т.б. көп.

Целлюлозаның молекулалық массасы қай өсімдіктен алынғанына байланысты бірнеше миллиондаған көміртектік бірлікке дейін барады. Оның молекуласының құрылымы сызықты тармақталған, сондықтан мақта, зығыр, кендір, т.б. талшықты материалдардың целлюлозадан түзілетіндігі осыған байланысты.

Табиғи талшықтарда целлюлоза макромолекулалары бір бағытта түзу орналасқандықтан талшықтары механикалық берік болады. Тоқу кезінде мақта, зығыр талшықтарынан ұзын және берік жіптер ширатылады. Ағаштан алынған целлюлоза молекулалары да сызықты тармақталғанымен ретсіз орналасып, бірыңғай бағытталмайды, сондықтан ағаштан жіп ширатылмайды. Табиғи және синтездік үлкен молекулалы қосылыстар сияқты целлюлоза да жартылай дисперсті. Оның себебі — кіші молекулалы фракциялардың болуы. Целлюлозаны химиялық жолмен қайта өңдеу одан жасалатын бұйымдардың қасиеттеріне күшті әсер етеді. Целлюлоза молекулалары күшті созылған, бірақ мықты емес, молекуласының пішіні әртүрлі әдістермен өңдеу кезінде көп өзгереді. Целлюлоза суда, сілті ерітіндісінде ерімейді, суда ісінеді, сілтілік металдар гидрототығының ерітінділерінде және кейбір тұздар мен қышқылдар ерітінділерінде күштірек ісінеді. Ағашты ауа қатыстырмай қыздырғанда целлюлоза термиялық жолмен ыдырап, органикалық ұшқыш заттар және су және көмір түзеді. Түзілген органикалық өнімдерде метил спирті, сірке қышқылы, ацетон болады. Табиғатта таза күйінде целлюлоза кездеспейді. Целлюлоза азот қышқылы эфирлерінің маңызы зор, ол күкірт қышқылы қатысында целлюлозаға азот қышқылымен әсер еткенде түзіледі. Целлюлоза механикалық беріктігіне байланысты кеңінен қолданылады, одан түрлі бұйымдар дайындалады, мата тоқылады, арқан есіледі, қағаз жасалады. Целлюлозаны гидролиздеу және одан түзілген глюкозаны ашыту арқылы этил спирті алынады. Оның химиялық өңдеу жолымен алынған эфирлері жасанды талшық, жұқа пленка, сыр, пластмасса, мылтық дәрісін өндіруде қолданылады.[1][2]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads