Поль Погба
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Поль Лабиль Погба (фр. Paul Labile Pogba; 1993 жылы 15 наурызда туған, Ланьи-сюр-Марн, Франция) — француздық футболшы, "Ювентус" клубы мен Франция құрамасының жартылай қорғаушысы.
Remove ads
Клубтық мансап
Погба алғашқы мансабын 6 жасында мектептік «Руасси-ан-Бри» клубында бастады. Сол жерде 7 маусым өткізіп, «Торси» командасына қосылып, 1 маусым ойнап, капитан атанды. Кейінірек оны «Гавр» футбол клубы байқап, 2007 жылы сол жаққа көшіп кетті. Оның «Гавр» үшін ойыны көптеген европалық клубтарды қызықтырды, соның ішінде «Арсенал», «Ливерпуль» және «Ювентус».
2009 жылы 6 қазанда Погба ресми түрде «Манчестер Юнайтедке» көшті. Алғаш рет қызылдар үшін жастар командасында ойнап, «Кру Александра» клубына қарсы ойнаған болатын. Бірақ дебюті аса сәтті өткен жоқ, себебі командасы 2:1 болып жеңіліп қалды. 2010 жылы «Манчестер Юнайтедтің» қосалқы командасына шақырылып, 2010 жылы 2 қарашада алғаш матчын «Болтон Уондерерс» клубына қарсы өткізіді.
2011 жылы 19 ақпанда Погба негізгі құрамға Англия Кубогіндегі «Кроули Таунға» қарсы ойында шақырылып, 42 номер алды. Алайда матчта алаңға шыққан жоқ. Алғашқы рет алаңға 2011 жылы 20 қыркүейкте «Лидс Юнайтед» клубына қарсы ойнады. Екінші рет «қызылдар» үшін «Олдершот Таунға» қарсы ойнады.
2012 жылы 31 қаңтарда АПЛ-да алғаш матчын «Сток Ситиға» қарсы өткізіп, Хавьер Эрнандестің орына алаңға кірді.
2012 жылы 3 шілдеде Сэр Алекс Фергюсон Погбаның ресми түрде контракты бітіп, оны созбағаны туралы жариялап, Поль «МЮ-дің» ойыншысы емес екенің айтты.
2012 жылы 3 тамызда Погба «Ювентусқа» ресми түрде көшіп, 4 жылдық контракка қол қойды. 1 тамызда алғаш матчын «Бенфикаға» қарсы өткізіп, 78 минутта Андрео Пирлоның орнына шықты.
А Сериясында Погба алғаш рет «Кьево» клубына қарсы матч өткізді.
2012 жылы 20 қазанда «Наполиге» қарсы матчта ауысып кіріп, алғаш голын соқты. Жаңа маусымының басталар алдында 2015/16 жартылай қорғаушы бұрын Алессандро Дел Пьеро және Карлос Тевес ойнаған 10 номерді алды.
Погба «Ювентус» тарихындағы 19 жасында 5-тен артық гол салған екінші ойыншы болып тарихта қалды.
Remove ads
Ұлттық құрамада
2012 жылғы жастар әлем чемпионатында Погба француздардың капитаны атанып, 4 матч өткізіп, 2 голмен ерекшеленді. Турнирда Франциямен бірге 3-ші орынды иеленді.
2014 жылғы әлем чемпионатына барып, командасының негізгі ойыншыларының бірі атанып, турнирдағы үздік жас ойыншы атанды.
Өтініш, осы бөлімді толықтырыңыз. |
Жетістіктері
- Манчестер Юнайтед
- Англияның жастар кубогінің иегері: 2010/11
- Ювентус
- 20 жасқа дейінгі Франция құрама командасы
- Әлем чемпионаты: 2013
Сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads