Прометий
Атомдық нөмірі 61 химиялық элемент From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Прометий (лат. Promethium; Pm) — Менделеевтің периодты системасының ІІІ тобындағы радиоактивті химиялық элемент; рет нөмірі 61, лантанидтер қатарына жатады. Қысқа уақыт сақталатын радитоактивті элемент болғаннан кейін табиғатта өте сирек кездеседі. Ең ұзақ сақталатын изотопының ¹⁴⁵Pm жартылай ыдырау мерзімі Т½ = 18 ж.

1945 ж. американ ғылымдары Джакоб Маринский, Лоуренс Гледенин және Чарльз Кориелл уран бөлінуі кезінде пайда болған өнімнен 147Pm изотопын (жартылай ыдырау мерзімі Т1/2 = 2,7 ж. ) алған. Атауын грек мифологияның кейіпкері - адамдарды қорғайтын және отты Зевстен алып кетіп адамдарға берген каһарманы - Прометейдің атынан алған.
Металл Прометийдің тығыздығы 7,26 г/сm², балқу температурасы t = 1080°С. Қосылыстарында +3 валентті.
Прометийдің таза күйінде тотығы Pm2О3, хлориді Pm2, нитраты Pm(NO3)3, сондай-ақ оксалаты Pm2(С2O4)3*10Н2O алынған 147Pm изотопы ұзақ уақыт ыдырамай сақталатын радиоактивті улы зат, бұл атом бомбасы жарылғанда түзеледі.
Remove ads
Алынуы
Металл прометий PmF3-тен металлотермия арқылы алынады. ¹⁴⁷Pm ядролық реакторларда түзілген әртүрлі элементтердің радиоактивті изотоптарының қоспасынан бөлінеді.
-
Jacob A. Marinsky
-
Lawrence E. Glendenin
-
Charles D. Coryell
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads

