Пысықтауыш

Етістікті толықтыратын сөз немесе сөздер From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Пысықтауыш [1] деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз.[2]

Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?

Remove ads

Пысықтауыштың түрлері

Пысықтауыш құрамына қарай үшке бөлінеді:
1) Дара пысықтауыш;
2) Күрделі пысықтауыш;
3) Үйірлі пысықтауыш;

Дара пысықтауыш – бір сөзден тұратын пысықтауыш. Мысалы: Лавада жұмыс кызу жүріп жатыр. Ол сұраққа ойланбастан жауап берді.

Күрделі пысықтауыш — күрделі сөз, тұрақты тіркес және үйірлі мүшеден жасалатын пысықтауыш. Мысалы: Мерей жымын-жымын етіп сахнаға шықты.

Үйірлі пысықтауыш – үйірлі сөздерден тұратын пысықтауыш. Мысалы: Уақытым барда сабаққа дайындалсам деймін.

Пысықтауыш мағыналық жағынан алты түрге бөлінеді:
1) мезгіл пысықтауыш;
2) мекен пысықтауыш;
3) мақсат пысықтауыш;
4) амал пысықтауыш;
5) себеп пысықтауыш;
6) мөлшер пысықтауыш.

More information Сұрақтары, Мысалы ...
Remove ads

Пысықтауыш болатын сөз таптары

Пысықтауыш болатын сөз таптары:

  1. Үстеуден болады
  2. Сын есімнен болады
  3. Сан есімнен болады
  4. Көсемшелер сөйлемде қайтіп? қалай? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап берсе, пысықтауыш болады
  5. Барыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөздер мекен, бет алыс-бағыт, сын-қимыл мағыналарын білдіріп, қайда? қайдан? қашан? қалай? деген сұрауларға жауап берсе, пысықтауыш болады
  6. Мезгілге байланысты зат есімдер тәуелдік жалғау я шылау тіркесу арқылы, кейде оларсыз да, басқа сөздермен бірігіп те пысықтауыш болады
    • барыс септіктегі кейбір сөздерден кейін шейін (дейін), бола, қарай, таман сияқты шылаулардың бірі тіркесіп пысықтауыш болады.
    • кейбір шығыс септіктегі сөздердің соңынан соң, кейін, ары, бері, қарай, бұрын сияқты шылаулардың бірі тіркесіп, пысықтауыш болады.
    • кейбір көмектес септіктегі сөздердің соңынан бірге, қабат, қатар сияқты шылаулардың бірі тіркесіп, пысықтауыш болады
    • кейбір сөздерге арқылы, арқасында, үшін, сайын шылаулары тіркесіп келіп, пысықтауыш жасайды.[3]
Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads