Робиньо

From Wikipedia, the free encyclopedia

Робиньо
Remove ads

Робсон де Соуза (бра-порт. Robson de Souza); қысқаша Робиньо (порт. Robinho), 25 қаңтар 1984, Сан-Висенти),  — бразилиялық футболшы, шабуылшы.

Quick facts Жалпы мағлұмат, Толық аты ...
Remove ads

Карьерасы

Клубтық карьерасында "Сантос" сапында екі рет Бразилия чемпионы, "Реал Мадрид" сапында екі рет Испания чемпионы, "Милан" сапында бір рет Италия чемпионы, «Гуанчжоу Эвергранд» сапында бір рет Қытай чемпионы атанды.

2016 жылы "Атлетико Минейроға" ауысты да, екі маусымдай ойнап, ешқандай жүлдеге қол жеткізе алмады. 2018 жылы қаңтарда Түркияның "Сиваспор" клубына өтті.

Ұлттық құрамада алғаш рет 2003 жылы Мексикамен ойында алаңға шықты.

Кейін 2005 жылы Конфедерациялар кубогына, 2006 жылы әлем чемпионатына, 2007 жылы Америка кубогына, 2009 жылы Конфедерациялар кубогына, 2010 жылы әлем чемпионатына қатысты. 2010 жылдан кейін құрамаға шақырылуы азайды да, уақыт өте келе тіпті шақырылмай қойды. Тек 2017 жылы ғана ұлттық құрамаға оралып, Колумбиямен жолдастық кездесуде капитан ретінде ойнады.

2018 жылғы әлем біріншілігіне құраманың жаңа бапкері Тите Робиньоны шақырған жоқ.

Remove ads

Жетістіктері

Командалық

«Сантос»
  • Бразилия чемпионы: 2002, 2004
«Реал Мадрид»
  • Испания чемпионы: 2006/07, 2007/08
  • Испания суперкубогы: 2008
«Милан»
  • Италия чемпионы: 2010/11
  • Италия суперкубогы: 2011
«Гуанчжоу Эвергранд»
  • Қытай чемпионы: 2015
Бразилия құрамасы
  • КОНКАКАФ Алтын кубогының финалисі: 2003
  • Конфедерациялар кубогы: 2005, 2009
  • КОНМЕБОЛ кубогы: 2007

Жеке

  • КОНМЕБОЛ кубогының үздік мергені: 2007 (6 мячей)
  • КОНМЕБОЛ кубогының үздік ойыншысы: 2007

Сілтемесі

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads