Тите
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Тите, толық есімі Аденор Леонардо Бакши (порт/бра. Adenor Leonardo Bacchi; Tite; 25 мамыр 1961 жыл, Кашиас-ду-Сул) — бразилиялық футболшы, футбол бапкері. 2016 жылдан бері Бразилия құрамасының бас бапкері. Оның басқаруымен құрама 2018 жылғы әлем чемпионатына бірінші болып (турнир қожайыны Ресейді есепке алмағанда) жолдама алды.
Remove ads
Карьерасы
1990 жылға дейін ортанқол ғана клубтарда ойнап, 30 жасқа жетпей бапкерлік ғұмырын бастады. 2000 жылдарға дейін онша таныс емес клубтарды жаттықтырды да, жаңа ғасырдан "Гремио", "Коринтианс", "Палмейрас", "Атлетико Минейро" секілді атақты клубтардың тізгінін ұстады. Тіпті табыстарға жетіп, 2016 жылы оның көп жылдық тәжірибесіне сенген Бразилия футбол басшылары Карлос Дунганың орнына ұлттық құрамаға бапкер етіп тағайындады. Алғашқы ойынын 2016 жылы 1 қыркүйекте Эквадорға қарсы өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Remove ads
Жетістіктері
- Бразилияның вице-чемпионы: 1986, 1987
- Сан-Паулудың вице-чемпионы: 1988
- Риу-Гранди-ду-Сул екінші дивизион чемпионы: 1993
- Риу-Гранди-ду-Сул чемпионы: 2000
- Бразилия кубогы: 2001
- Риу-Гранди-ду-Сул чемпионы: 2001
- Бразилия чемпионы: 2011, 2015
- Либертадорес: 2012
- Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: 2012
- Сан-Паулу чемпионы: 2013
- Оңтүстік Америка кубогы: 2008
- Дубай кубогы: 2008
Жеке өмірі
Әйелінің аты Розмари, бір ұл, бір қызы бар. Ұлы Матьюз футболшы. Титенің алғашқы ұстаздарының бірі — Луиз Фелипе Сколари.
Cілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads