Родохрозит
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Родохрозит (грекше сһroma – түс), марганец шпаты — карбонаттар класының минералы. [1]
- Химиялық формуласы МnСO3, құрамы — MnO — 61,7%, CO2 — 38,3%;
- қоспалары: Mg, Zn, Fe, кейде Co. Тригондық сингонияда кристалданып, сирек кездесетін ромбоэдр типтес кристалл түзеді.
- Радиалды тарамдалған немесе сферолит құрылымды шар, бүйрек пішінді агрегаттар құрайды.[2]
- Түсі алқызыл, қызыл, ақ, сұрғылт-ақ, жасыл сұр, түсінің өзгеруі құрамындағы Mn иондарының мөлшеріне байланысты;
- шыныдай жылтыр, қаттылығы 3,5 — 4,0, тығыздығы 3,6 — 3,7 г/см3, жіктілігі бір бағытта жетілген, морт.
- Родохризит Қазақстанда гидротермалды желілерде кварц, вольфрамит, марганец кентастарымен бірге Қараоба, Жәйрем, Жезді, Үшқатын кен орындарында кездеседі. Родохризит химия өндірісінде, шойын мен болат шихта, ферромарганецтер балқытуда қолданылады.[3]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads