Роза Қуанышқызы Рымбаева

Qazaqstannyń estrada ánshisi jáne aktrısasy From Wikipedia, the free encyclopedia

Роза Қуанышқызы Рымбаева
Remove ads

Роза Қуанышқызы Рымбаева (28 қазан, 1957 жыл, Семей облысы, Жарма ауданы, Жаңғызтөбе станциясында туған) — кеңестік және қазақ эстрада әншісі (сопрано), профессор, актриса. Қазақстанның халық әртісі (1986), халықаралық конкурстардың лауреаты. Құрмет және Парасат ордендері мен марапаттың иегері. Қырғызстанның (2000) және Өзбекстанның (1984) еңбек сіңірген әртісі.

Quick facts Негізгі ақпарат, Толық аты ...
Thumb
Роза Рымбаева 2016-шы жылғы "Gakku Дауысы" фестивалінде

Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. 1977-1979 жылдары «Песня года» фистивалінің финалдарында және КСРО-ның ең үздік ондығы«Звуковая дорожка» хит-парадында (1978 ж. 3-орында Алла Пугачева және София Ротарудан кейін) жоғары орыннан көрініп, үлкен танымалдылыққа ие болды.

Remove ads

Биографиясы

Роза Рымбаева Шығыс Қазақстан обылысындағы Жаңғызтөбе станциясында теміржолшылар отбасында дүниеге келген. Найман тайпасының Бура руынан шыққан.[1][2] 1974 жылы Семейдегі музыкалық училищеге түсіп, мұнда 3 жыл оқиды. Бұдан кейін Алматыдағы театралдық-көркем өнер институтында оқып, оны 1984 жылы тәмамдайды. Алматы қаласындағы театрлық көркемдік институттың музыкалық драмалық комедиясы факультетін бітірген.

1976-1979 жж. Республикалық Гүлдер жастар – эстрадалық ансамблінің солисі, 1977 жылы «Алтын Орфейді» жеңіп алады. 1979 жылы - «Қазақконцерт» бірлестігі жанындағы «Арай» эстрадалық ансамблінің солисі. Әншінің халықаралық белгілі болуы С. Бәйтерековтың «Әлия» әнін орындауынан басталады. 1979 жылы Роза Рымбаева Ыстамбұлда өткен халықаралық әншілер байқауында лауреат атанды, 1983 жылы Кубада өткен «Гала – 83» халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алады. 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанады. Оның орындауындағы қазақ композиторлары Т. Ерешевтің «Гүлдене бер, туған жер», Н. Тілендиевтің «Куә бол», Б. Байқадамовтың «Айгөлек», Ж. Тұяқбаевтың «Атамекен», Т. Сарыбаевтың «Отандастар» әндері тыңдаушылардың үлкен ықыласына бөленген. «Бір бала», «Сәулем-ай», «Кебек», «Назқоңыр», «Әгугай» және т. б. сияқты халық әндерін ол өзіндік ерекшелікпен орындайды. Роза Рымбаева сондай-ақ, киноактриса ретінде де танымал.

Remove ads

Отбасы

Жолдасы - Тасқын Оқапов (1948-1999)

Ұлдары - Әли Оқапов (1991), Мәди Рымбаев (2000)

Жолдасының қарындастары - Мәншүк (1975), Әлия (1979)

Хронологиясы

  • 1974 — өзіндік шығармашылық республикалық конкурсының бірінші премиясы
  • 1975 — өзіндік шығармашылық республикалық конкурсының бірінші премиясы
  • 1976—1979 — «Гүлдер» ансамбілінің солисті
  • 1977 — «Гран-при», «С песней по жизни» бүкілодақтық телевизиялық конкурсы
  • 1977 — «Гран-при» Болгариядағы «Золотой Орфей» фестивалі
  • 1977 — «Гран-при», Сопоттағы халықаралық әндер фестивалі, Польша
  • 1979 — Т. Оқапов жетекшілігіндегі «Арай» ансамбілінің құрылуы
  • 1979 — Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі
  • 1979—1984 — Қазақ Театралды-көркемдік институты
  • 1981 — Лениндік Комсомол премиясының лауреаты.
  • 1983 — «Гран-при» «Гала-83», Куба
  • 1984 — Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі
  • 1986 — Казақ КСР-нің Халық әртісі
  • 1986 — «Гран-при» «Алтын микрофон», Түркия
  • 1995 жылдан бастап Республикалық эстрада-цирк колледжінде оқытушы
  • 2000 — «Эстрада жұлдызы» номинацисында «Жыл Адамы»
  • 2000 — Қырғызстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері
  • 2000 — Платиновый Тарлан премиясын алды
  • 2004 — Қазақстанның Мемлекеттік премиясының лауреаты
  • 2005 — Мәскеуде Эстрада жұлдыздары алаңында жұлдызы ашылды
  • 2007 — "Роза Рымбаева 30 жыл сахнада" мерейтойы
  • 2008 — Пекин олимпиадасының факелын алып жүрді
  • 2008 — Қарағандыда жеке жұлдызы ашылды (Бибігүл Төлегеновадан кейін)
  • 2008 — Эстрада әртісі номинациясында «Қазақстан әйелі» атанды
  • 2008 — "Коктем шакырады"концерттік бағдарламасына 10 жыл
  • 2011 — Қазақстанда өткен VII Қысқы Азия Ойындарының гимнін орындап, факелды алып жүрді
  • 2011 — "Роза Рымбаева 35 жыл сахнада" мерейтойы
  • 2012 — Жапония, Ресей, Түркия және Беларусьдағы концерттік турне
  • 2013 — Imperial Сәң Үйінің бет бейнесі болды

Дискографиясы

1985 — LP "Роза Рымбаева және «Арай» ансамблі, фирма «Мелодия».

2003 — LP «Ademi-au» (Таңдаулы әндер)

2006 — CD «Cенімен біргемін» (14 қазақша ән)

2007 — DVD «30 жыл сахнада» (3 DVD диск  — үш концерт (Мәскеу, СПб, Алматы) и дер. фильм «Роза» және бір CD «Ертеңіме сенемін») [1] Мұрағатталған 12 тамыздың 2014 жылы.

2008 — МР3-жинақ «Любовь настала» («Имена на все времена» сериясында, Ресей)

2009 — МР3-жинақ «Роза Рымбаева» («Золотая коллекция ретро» сериясында, Ресей)

2009 — CD «Вечная весна» (қазақ және кеңестік композиторлар әндері).

2010 — CD «Жерiм жаннатым» (Еркін Ынтықбаев әндері).

Remove ads

Фильмографиясы

1976 — телевизиялық фильм «Первая песня», студия «Қазақтелефильм».

1982 — «До свидания, Медео»\"Revue na zakázku"[3] совет-чехословак фильмінде басты рөл

1999 — дер. фильм "Женский взгляд". Роза Рымбаева», реж.Оксана Пушкина (Ресей).

2001 — дер. фильм «Роза», реж. Ж. Сабирова.

2002 — дер. фильм "Хвост кометы". Роза Рымбаева», реж. А. Бурыкин (Ресей).

2010 — дер. фильм «И снова здравствуйте!», (Ресей).

Remove ads

Марапаттары

Remove ads

Сілтемелер

Әдебиет

  • Кожиров Б. «Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары» 2010 жылы

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads