Самат Сапарбекұлы Ескендіров

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Самат Сапарбекұлы Ескендіров - 1966 жылы 24 шілдеде Көкшетау облысы Көкшетау ауданының Симферополь ауылында туған. Қазақ. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

Хронологиясы

  • Целиноград ауылшаруашылық институтын (1990) инженер-механик мамандығы бойынша;
  • Көкшетау экономика және менеджмент институтының магистратурасын (2005) бітірген.
  • 1983 жылдан - Көкшетау облысының Келлер ауданы Подлесное аулының Димитров атындағы ұжымшарының мүшесі.
  • 1983 жылдың тамызынан - Целиноград ауылшаруашылық институтының студенті.
  • 1990 жылдан - Димитров атындағы ұжымшардың егіншілік бригадасының механигі, пайдалану жөніндегі инженері, ұжымшардың бас инженері.
  • 1994 жылдан -«Есіл»ЖШСбасдиректоры (Ақмола облысы Щучинск қаласы).
  • 2004 жылдың тамызынан - СҚО Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары департаменті бастығының орынбасары.
  • 2004 жылдың қазанынан - СҚО Жамбыл ауданының әкімі.
  • 2007 жылдың сәуірінен - СҚО Қызылжар ауданының әкімі.
  • 2007 жылдың қазанынан - СҚО әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары.
  • 2008 жылдан - СҚО әкімінің ауыл шаруашылығы және экономика мәселелері жөніндегі орынбасары.
  • 2010 жылдың сәуірінен бері - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
  • 2011 жылдан - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
  • 20132014 жж. — Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.
Remove ads

Жетістіктері

  • «Құрмет» (2007) орденімен;
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001),
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005),
  • «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

Үйленген. Жұбайы - Ескендірова Гуля Маратқызы (1968 жылы туған). Үлдары - Ескендіров Қанат (1990 жылы туған), Ескендіров Алмат (1995 жылы туған); қызы - Ескендірова Салтанат (2001 жылы туған).[1]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads