2014 жыл

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

2014 жыл — Григориан күнтізбесі бойынша аптаның үшінші күні, яғни сәрсенбіде басталады. Кібісе жыл емес.

More information Жылдар, Онжылдықтар ...
2014 жыл басқа күнтізбелерде
Грегориан күнтізбесі 2014
MMXIV
Юлиан күнтізбесі 2013 — 2014 (14 қаңтардан бастап)
Рим қаласының құрылуынан бастап 2766 — 2767 (4 мамырдан бастап)
Византия күнтізбесі 7522 — 7523 (14 қыркүйектен бастап)
Еврей күнтізбесі
5774 — 5775

ה'תשע"ד — ה'תשע"ה

Ислам күнтізбесі 1435 — 1436
Армения күнтізбесі 1463
ԹՎ ՌՆԿԳ

Қытай күнтізбесі 4710 — 4711
癸巳 — 甲午
қара жылан — көк жылқы
Ефиопия күнтізбесі 2006 — 2007
Инду күнтізбесі
- Викрам самват 2070 — 2071
- Шака самват 1936 — 1937
- Кали-юга 5115 — 5116
Иран күнтізбесі 1392 — 1393

Бұл біздің заманымыздың 2014 жылы, III мыңжылдықтың 14-жылы, XXI ғасырдың 14-жылы, 21 ғасырдың 2-онжылдығының 4-жылы, 2010 жылдардың 5-жылы болып табылады.


Remove ads

Оқиғалар

  • наурыз - Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арын 1,6 миллиард теңгені жымқырды, алаяқтық жасады және пара алды деп айыпталды.
  • 3 наурыз - Қазақстанның экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев квазимемлекеттік сектор объектілерін жекешелендірудің басталғаны туралы хабарлады.
  • 31 наурыз - Қарағанды облысында Көкпекті өзені бөгетінің бұзылуына байланысты жағаға төгіліп, Көкпекті кентіне су басқан. 5 адам қаза тауып, алтауы ауруханаға жеткізілді. 284 адам эвакуацияланды, оның ішінде 86 бала.
Remove ads
  • 2 сәуір - Кәрім Мәсімов Президент Әкімшілігінің Басшысы қызметінен кетіп Қазақстан Республикасының премьер министрі қызметін қайта басқарды.
  • 3 сәуір - Қорғаныс министрі қызметіне Серік Ахметов тағайындалды.
  • 4 сәуірMicrosoft корпорациясы Windows XP операциялық жүйесінде жұмыс жасайтын (қолдайтын) бағдарламаларды шығаруды тоқтатады.[1].
  • 17 сәуір - "Жол қозғалысы" туралы заң жобасы енгізілді. Осылайша, Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл мөлшері заң жүзінде ұлғайды.
Remove ads
  • 16 тамыз - Алматы облысында магнитудасы 5,2 жер сілкінісі болды. Алматыда 4-5 балдық жер асты дүмпулері сезілді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 35 шақырым және Талғардан оңтүстік-шығысқа қарай 19 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қиратулар болған жоқ.
  • 14 қазан - Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялады.
  • 16 қазан - Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының бұрынғы орынбасары Муслім Өміряевке үкім шығарылды. Аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін шенеунік мүлкі тәркіленіп, қатаң режимдегі колонияға он жылға сотталды.
  • 22 қазан - Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Ахметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметінен босатылды.
  • 23 қазанкүн тұтылуы болады.
  • 24 қазан - Лион қаласының апелляциялық соты БТА Банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовты экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Француз әділетінің шешіміне сәйкес Ресейге экстрадициялауға басымдық беріледі.
  • 25 қазан - ҚР Паралимпиадалық құрамасы Азия пара ойындарынан оралып, жалпы командалық есепте 11-ші орын алып, 24 медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасының 7 алтын, 6 күміс және 11 Азиада қола медалі бар.
Remove ads
  • 8 желтоқсан - Канада мен АҚШ-қа Алматы маңындағы CRJ-200 ұшақ апаты туралы қорытынды есеп жобасы жіберілді. Алматы әуежайы маңындағы CRJ-200 әуе кемесімен болған апатты тергеу жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы барысында түпкілікті есептің жобасы дайындалды.
  • 23 желтоқсан - Ұлттық банк айырбастау пункттерінде шетел валютасын сату бағамынан сатып алу бағамының ауытқу шектерінің қолданылуын ұзартты.

Күндері белгісіз

Туғандар

Тағы қараңыз: Санат:2014 жылы туғандар

Қайтыс болғандар

Тағы қараңыз: Санат:2014 жылы қайтыс болғандар

Тағы қараңыз

Quick facts

Түсініктемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads