Санаэ Такаити

жапон саясаткер, 2025 жылдан Жапония премьер-министрі From Wikipedia, the free encyclopedia

Санаэ Такаити
Remove ads

Санаэ Такаити[a][1][2] (кейде Такаичи,[3] 7 наурыз 1961 жыл, Нара префектурасы) — жапониялық саясаткер, 2025 жылғы қазаннан бергі Жапония премьер-министрі мен Либерал-демократиялық партияның президенті. Такаити — бұл лауазымдарға ие болған тұңғыш әйел және Нара префектурасының тұңғыш тумасы. 1993 жылдан 2003 жылға дейін және 2005 жылдан бері Өкілдер палатасының депутаты болып келген ол бұрын Синдзо Абэ мен Фумио Кисида премьерліктері тұсында түрлі министрліктерді басқарған.

Quick facts Лауазымы, 21 қазан 2025 жылдан бастап ...

Такаитидің ұстанымын бақылаушылар ұлтшыл, консерваторлық деп сипаттаған.[4][5] Такаитидің ішкі саясатына белсенді мемлекеттік шығындар мен абэномиканың жалғасуы жатады. Әлеуметтік мәселелерге келгенде, ол консерваторлық пікір айтып жүрген: ол үйленгендегі әйел фамилиясының өзгергенін қолдайды және Жапон императорлық әулетіндегі әйелдің басшы болғанына қарсы тұрады.[6] Ол Жапония армиясын қайта құру идеясын қарастыру керек деп ойлайды, Жапонияның Тайвань мен АҚШ-пен қатынасын дамытамын дейді. Такаити — аса ұлтшыл Ниппон Кайги тобының мүшесі, Жапония тарихына ұлтшыл көзқараспен қарайды, тарих осы түрде ғана БАҚ-та, оқу орындарында көрсетілсін дейді.

Remove ads

Өмірбаяны

Яматокорияма, Нара префектурасында туған Такаити Кобе университетін бітіріп, саяси мансабына дейін жазушы, заңи көмекші, таратқыш болды. 1993 жылы партиясыз болып Өкілдер палатасына сайланды да, 1996 жылы Либерал-демократиялық партияның мүшесі атанды. Абэның шәкірті болған ол Абэның премьерлігі тұсында түрлі министрліктерге басшы болды, соның ішінде екі мәрте Ішкі істер және коммуникациялар министрлігінің министрі болды. 2021 жылы Такаити Либерал-демократиялық партияның басшысына үміткер болды, алайда 3-орын алып, жеңілді.[7] 2022 жылдан 2024 жылға дейін, Фумио Кисида премьерлігі тұсында, ол Экономикалық тұрақтылық үшін Мемлекет министрі болды. Такаити 2024 жылы Либерал-демократиялық партияның басшысына екінші мәрте үміткер атанып, бірінші айналымда жеңді, алайда екінші айналымда Сигэру Исибаға жеңілді. Исибаның отставкасынан кейінгі 2025 жылғы Партия басшысы сайлануына Такаити тағы бір қатысып, осы жылы жеңіп, партияның тұңғыш әйел басшысы атанды.[8] Жапония Инновациялар партиясымен бірге коалицияға келіп, Такаити 21 қазанда Жапония парламенті көмегімен Жапония премьер-министрі болып сайланды да, осылайша елдің тұңғыш әйел премьері болды.[9][10] Такаитиге 237 адам дауыс берді. Оның қарсыласы, Ёсихико Нода, 149 дауыс алды.[1][2]

Remove ads

Ескертпелер

  1. жапон. 高市 早苗, Takaichi Sanae. Такаитидің тегі ресми құжаттарда 髙市 делінеді. Тұңғыш некесі кезінде Такаитидің есімі Санаэ Ямамото (жапон. 山本早苗, Yamamoto Sanae) болды.

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads