Сарыағаш
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Сарыағаш — Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы қала, аудан және Сарыағаш қалалық әкімдігі орталығы, темір жол бекеті.

Remove ads
Географиялық орны
Облыс орталығы – Түркістан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 274 км-дей жерде, Келес, Құркелес өзендерінің алабында.
Халқы
Тарихы
Іргесі 1870 жылдары қаланған. 1904 – 05 жылдардан Сарыағаш аталады. 1926 жылдан Сырдария губерниясы, Ташқазақ уезінің, 1928 – 39 жылдары Келес ауданының, 1939 жылдан Сарыағаш ауданының орталығы болды, 1968 жылдан қала атанды.
Кәсіпорындары
Шипалы минералды су құятын «Алекс» ЖШС, «Әсем-ай» ЖШС, «Курорт – Барс –2030» ЖШС бар. «Сенім» ЖШС – тігін, тоқыма, жіп тоқитын бұйымдарын өндіретін фабрика, «Айша бибі» ӨК мақта тазарту зауыты, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы
Жалпы білім беретін, музыка, спорт, кәсіптік-техникалық мектептері, Қабыланбек мал дәрігерлік колледжі, кітапханалар, мәдениет сарайы, клуб, кинотеатр, аурухана, диспансерлер, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Қала минералды суларымен және курорттарымен белігілі. Асқазан, зат алмасу, нерв жүйесі сырқаттарын емдейтін «Сарыағаш шипажайы» АҚ – Сарыағаш минералды суына негізделген. ҚазМұнайГаз "АҚ"-ның "Алтын-Бұлақ" шипажайы емделушілерге өз қызметін сапалы түрде орындауда. Қала арқылы Орынбор – Ташкент темір жолы, Шымкент – Шардара автомобиль жолы өтеді.[4]
Remove ads
Қала суреттері
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads