Семей губерниясы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Семей губерниясы - 1920-1928 жылдары болған Қырғыз (1925 жылдан - Қазақ) АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі. Орталығы – Семей қаласы.

Quick facts Әкімшілігі, Ел ...

Ресми түрде Семей губерниясы 1920 жылы Семей облысының бір бөлігінен құрылды. Іс жүзінде Семей облысы 1918 жылы губерния болып өзгертілді. Алғашында ол мына уездерге бөлінді:

1921 жылы орталығы Үлкен Нарым ауылында болған Бұқтырма уезі (Алтай губерниясынан) және орталығы Павлодар қаласында болған Павлодар уезі (Омбы губерниясынан) губернияға берілді.

1928 жылы 17 қаңтарда губерния таратылды. Оның аумағы Ақмола, Қарқаралы, Павлодар, Семей және Сырдария округтары арасында бөлінді.

1926 жылғы санақ бойынша губернияда 1309,9 мың адам тұрған. Соның ішінде қазақтар - 54,6%; орыстар - 30,4%; украиндар - 10,7%; татарлар - 1,4%.

Remove ads
Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads