Семей облысы (Ресей империясы)

From Wikipedia, the free encyclopedia

Семей облысы (Ресей империясы)
Remove ads

Семей облысы (орыс. Семипалатинская область) — 1854–1920 жылдары Ресей империясының құрамында болған әкімшілік аумақ. Әкімшілік орталығы — Семей қаласы.

 Басқа мағыналар үшін Семей облысы деген бетті қараңыз.
Quick facts Әкімшілігі, Ел ...
Remove ads

Тарихы

Облыс алғаш 1854 жылдың 19 мамырында құрылды. 1882 жылдың 18 мамыры мен 1917 жылдың 4 наурызы аралығында Дала генерал-губернаторлығының құрамында болды. 1920 жылы тамызда Қырғыз АСКР-нің құрамына енді.

1920 жылы 11 желтоқсанда Семей губерниясы болып өзгертіліп түзілді. 1939 жылы Кеңес өкіметі кезінде Семей облысы болып, Қазақ КСР-інің әкімшілік бөлігінің бірі ретінде қайта құрылды.

Әкімшілік бөлінуі

Облысқа 5 округ: Ішкі, Аякөз, Көкпекті, Қапал және Алатау қарады. Әр округқа 5 — 20 болыс қарады. Әр болыс 10 — 12 ауылдан тұрды. Әр ауылда 50 — 70 түтін болды. 1870 жылы жаңа әкімшілік бөлініске байланысты Семей облысы 4 округтан (Семей, Қарқаралы, Көкпекті, Павлодар) құрылды. XX ғасырдың басында облысқа 5 уезд кірді:

More information №, Уезд ...
Remove ads

Халқы

Thumb
1893 жылғы Семей облысы болыстарының картасы

Семей облысын қазақтардан басқа Ресейден қоныс аударған казак-орыстар да мекендеді. Олардың қоныстары бірте-бірте өнеркәсіп пен сауда орталығына айнала бастады. 1870 жылғы есеп бойынша Семей облысында 510163 адам тұрды. 1893 жылғы жалпы санақ бойынша облыста 684500 тұрғын болды. Олар негізінен Орта жүздің әр түрлі тайпалары мен руларының өкілдері еді (қ. Семей уезі, Қарқаралы уезі). 1897 жылғы облыстың ұлттық құрамы[1]:

More information Уез, қазақтар ...

Облыстың жетекшілері

Әскери губернаторлар

More information Т. А. Ә., Атағы, шені, лауазымы ...
Remove ads

Облыстық үкіметтің төрағалары мен әскери губернатордың жолдастары

More information Т. А. Ә., Атағы, шені, лауазымы ...

Вице-губернаторлар

More information Т. А. Ә., Атағы, шені, лауазымы ...
Remove ads

Бейнелемесі

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads