Сент-Питерсберг (Флорида)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Сент-Питерсберг (ағылш. St. Petersburg), қысқартылған — Сент-Пит (ағылш. St. Pete) — Флорида штатының Пинеллас округіне жататын АҚШ қаласы. Халық санағы бюросының бағалауы бойынша 2014 жылы тұрғындар саны 253 693 адамды құрады.[1] Сент-Питерсберг — Флоридадағы халық саны бойынша бесінші қала (округтік емес қалалардың ішіндегі ең үлкені) және штаттың екінші ірі қалалық агломерациясына кіреді: Тампа — Сент-Питерсберг — Клируотер, оның халқы 2,8 миллион (штаттың бірінші қалалық агломерациясы — Майами — Форт-Лодердейл — Уэст-Палм-Бич).[2] Сонымен қатар, агломерация АҚШ-тың бүкіл оңтүстік-шығыс аймағында халық саны бойынша үшінші орында. Қала Тампа шығанағы мен Мексика шығанағы арасындағы түбекте орналасқан. Түбек солтүстігінде материкпен және шығысында Тампа қаласымен (Тампа шығанағы арқылы өтетін бөгет пен көпірлер), сондай-ақ оңтүстігінде брейдентон қаласымен (Хилсборо округінің суларын кесіп өтетін Күншуақ Скайвей көпірі) байланысты.
Remove ads
Географиясы
Сент-Питерсберг 27°46′56″ с. е. 82°40′03″ б. б.27.782254° с. е. 82.667619° б. б. (G) (O) (Я) (27.782254, -82.667619).
2010 жылы АҚШ Халық санағы бюросының мәліметі бойынша, қаланың ауданы 356,38 км² болды, оның 159,91 км² — құры жер және 196,47 км² — су қоймасы.
Климаты
Сент-Питерсбергтің климаты субтропиктік ылғалды. Жазда дауыл жиі болады. Кішкентай аяз бен қардың түсуі өте сирек кездеседі.
Remove ads
Демографиясы
2010 жылғы халық санағы бойынша қалада 244 769 адам, 129 401 үй болған. Халық тығыздығы-км²-ге 1532 адам.
Халықтың нәсілдік құрамы: 64,3% — ақ, 23,9% — афроамерикалықтар, 6,6% — латиноамерикалықтар, 3,2% — азиялықтар, 2,5% — аралас нәсілдер, 1,3% — басқа нәсілдер, 0,3% — жергілікті американдықтар, 0,1% — Тынық мұхиты аралдары.
2000 жылға қала халқының 21,5%-ы 18 жасқа дейінгі балалар, 7,7%-ы 18 бен 24 жас аралығындағы тұрғындар, 30,2%-ы 25 пен 44 жас аралығындағы, 23,1%-ы 45 пен 64 жас аралығындағы және 17,4%-ы 65 жастан асқан тұрғындар болды. Қала тұрғынының орташа жасы — 39 жас. 100 әйелге 91,2 ер адам келді. 18 жастан асқан әрбір 100 әйелге 87,7 ер адам келеді.
2000 жылы қаладағы үй шаруашылығының орташа табысы $34 597, ал отбасының орташа табысы $43 198 болды. Ерлердің орташа табысы $30 794 құрайды, әйелдердің орташа табысы $25 860 құрайды. Қалада жан басына шаққандағы орташа табыс $21 107 құрайды. Отбасылардың шамамен 9,2%-ы және халықтың 13,3%-ы кедейлік шегінен төмен, оның ішінде 18 жасқа дейінгі тұрғындардың 19,1%-ы және 65 жастан асқан тұрғындардың 10%-ы.
Қаланың танымал тұрғындары
- Джимми Уэйлс — интернет-кәсіпкер, Вики тұжырымдамасының идеологы, Уикипедияның негізін қалаушы.
- Марджори Райс — үй шаруасындағы әйел, бес бұрышты мозаиканың ашылуымен танымал әуесқой математик.
Бауырлас қалалары
- Санкт-Петербург, Ресей (2002)
- Такамацу, Жапония
- Фигерас, Испания (2011)
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads