Сергей Александрович Дьяченко
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Сергей Александрович Дьяченко[a] (18 қыркүйек 1952 жыл, Шортанды кенті, Ақмола облысы – 26 қазан 2016 жыл, Астана) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, саясаттану ғылымдардың докторы (2003), 1999 жылдан 2016 жылға дейін Мәжіліс депутаты.
Remove ads
Ерте жылдары және білімі
Сергей Дьяченко 1952 жылғы 18 қыркүйекте, Ақмола облысындағы Шортанды ауданының Шортанды кентінде дүниеге келген. Әкесі — Александр Кузьмич Дьяченко, жұмысшы болған. Анасы — Бронислава Антоновна Дьяченко, қызметкер болған.
1973 жылдан бастап Дьяченко Приморск өлкесіндегі КСРО армиясының қатарында қызметте болды.
Дьяченко 1983 жылы Куйбышев жоспарлау институтының өнеркәсіп-экономикалық факультетін бітіріп, экономист болды. 1987 жылы ол Алматы Жоғарғы партия мектебінде саясаттанушы болды.
Remove ads
Кеңестік мансабы
Дьяченко еңбек жолын 1973 жылы, РКФСР Пенза облысының Кузнецк қаласындағы Желдеткіштер және саймандар зауытында инженер-экономист ретінде бастады.
1975 жылдан бастап ол — Кеңестік Қазақстан ЛЖКО Шортанды аудандық комитетінің нұсқаушысы; Шортанды аудандық атқару комитетінің мәдениет бөлімінде меңгеруші, Қазақстан ЛЖКО Шортанды аудандық комитетінің бірінші хатшысы, екінші хатшысы қызметтерінде еді. Кейін ол Қазақстан ЛЖКО Целиноград обкомының бірінші хатшысы, Қазақстан ЛЖКО ОК екінші хатшысы да еді.
Дьяченко 1985 жылдан бастап Қазақстан Компартиясы Көкшетау қалалық комитетінің бірінші хатшысы, сонымен қатар 1990 жылдан ол — Көкшетау Халық депутаттары кеңесінің төрағасы.
1991 жылдан бастап ол — жастар ісі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі ҚазКСР Мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары.
Remove ads
Қазақстандағы мансабы
1991 жылғы қыркүйектен Дьяченко — Қазақстан Республикасы Спорт, дене шынықтыру және туризм министрінің орынбасары.
1993 жылдан ол — Қазақстан халық бірлігі одағы саяси кеңесі төрағасының орынбасары болса, 1995 жылғы ақпаннан ол партия ОК төрағасының бірінші орынбасары болды.
Көп ұзамай партия қайта құрылды да, Дьяченко 1999 жылғы наурыздан «Отан» Алматы қалалық партия ұйымы төрағасының орынбасары – атқарушы директор еді.
1999 жылғы қазанда ол 2-шақырылған Қазақстан Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Ол кейін Мәжілістің II, III, IV, V және VI сайланымдарында да депутат болды.
2004 жылғы 13 қарашадан ол — Мәжіліс төрағасының орынбасары болды. Бұл лауазымға ол 2016 жылғы 20 қаңтарға дейін ие болды.
2010 жылдан 2012 жылға дейін Дьяченко Ақмола облысының әкімі қызметін атқарды.
Ғылыми еңбектері
Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстандағы демократиялық жаңғыру мәселелері (саяси сараптама)». Саясаттану профессоры (2008). ҚР Саяси ғылымдары академиясының мүше-корреспонденті (1998 жылдан).
- «Қазақстандағы партогенез: жағдайы, мәселөсі, болашағы» (1997)
- «Қазіргі Қазақстандағы саяси транзит» (2001) монографияларының;
- «Диалог со временем» (2004)
- «В формате грядущего дня» (2006)
- «Искусство возможного» (2008) кітаптарының;
- сонымен қатар 300-ден ғылыми жарияланымдардың, мақалалардың, сұхбаттардың авторы.
Remove ads
Марапаттары
Дьяченконың марапаттары қатарында:
- I дәрежелі Достық ордені (2009)
- Құрмет Белгісі ордені (1981)
- Парасат ордені (2004)
- Астана медалі
- Тыңға 50 жыл медалі
- Қазақстан темiр жолына 100 жыл медалі
- Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалі
- Астанаға 10 жыл медалі
- Достастық ордені (ТМД)
- Ерен еңбегі үшін медалі (1977)
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы бар.
Отбасы
Сергей Дьяченко үйленген еді. Жұбайы Лидия Борисовна Дьяченко «Астана-қалажобалау» ЖШС жетекші маманы болған. Балалары қатарында қыздары Наталья (1972 жылы туған), Ольга (1977 жылы туған) және бір ұлы Олег (1977 жылы туған) бар еді.[1]
Ескертпелер
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads



