Сирия оппозициясының шабуылы (2024)

From Wikipedia, the free encyclopedia

Сирия оппозициясының шабуылы (2024)
Remove ads

Сирия оппозициясының шабуылы (2024)Баастық Сирияда исламшыл топтар президент Башар әл-Асадтың бақылауындағы Сирия әскері мен олардың одақтастары Алеппо қаласының батысындағы ираншыл топтардың позицияларына жаппай шабуылы. Шабуылдаушылардың арасында түрікшіл террористік «Хайят Тахрир аш-Шам» қозғалысы мен басқалары бар.[3] Шабуыл 2024 жылғы 27 қарашада басталды, оны ХТШ Алеппо провинциясының батыс бөлігіндегі үкіметтік күштердің (САА) жиі шабуылдауына жауап ретінде «Агрессияны тежеу» деп атады.[4][5]

Quick facts Дата, Орын ...

2024 жылғы 29 қарашада оңтүстік сириялық оппозициялық топтар Иорданиямен шекаралас Сирияның оңтүстігіндегі Даръа және Эс-Сувейда провинцияларына шабуыл бастады.[6][7]

1 желтоқсанда Сирияның солтүстігінде әрекет ететін оппозициялық Сириялық ұлттық армия (СҰА) «Бостандық таңы» операциясының басталғанын жариялап, Телль-Рифъат қаласын ұстап тұрған жергілікті күрд күштерінің (YPG) позицияларына шабуыл жасады.[8]

Remove ads

Тарихы

2011 жылы Башар әл-Асад өз режиміне қарсы басталған наразылықтарды аяусыз түрде басып тастағаннан кейін, Сирияда үкіметтік күштер мен түрлі оппозициялық топтар арасында азаматтық соғыс өршіп кетті. Асад күштері жарты миллионнан астам тұрғынды өлтіріп, шамамен 13 миллион адам босқынға айналды. Уақыт өте келе қақтығысқа Иран, Ресей, АҚШ және Түркия елдері араласа бастады. 2020 жылы қақтығыс тараптары атысты тоқтату туралы мәлімдеді. Сол уақытқа қарай елдің солтүстік-шығысын АҚШ қолдайтын күрд жасақтары — Сириялық демократиялық күштер бақылап отырды; солтүстік-батысын Түркия қолдайтын оппозициялық күштер басқарып, қалған аумақ Асад мемлекетінің қарамағында болды, оған Ресей мен Иран қолдау көрсетті. Бұл тұрақсыз тепе-теңдік Ресей мен Түркия арасындағы келісімге негізделді.[9]

Remove ads

Барысы

Қараша

27 қараша: Асад үкіметіне қарсы «Хайят Тахрир аш-Шам» тобы Алеппо провинциясының батыс бөлігінде үкіметшіл күштердің позицияларына шабуыл бастағанын жариялады.[10][11] Оппозиция бұл шабуылды үкіметтің артиллериялық атқылауына жауап ретінде бастағанын мәлімдеді.[5] Шабуылға сондай-ақ Түркия қолдайтын және Асад үкіметіне қарсы Сириялық ұлттық армия (СҰА) да қосылды.[9]

Шабуыл сәтінің таңдалуы кездейсоқ емес еді. 2016 жылы Асадқа Ресей мен Иран үлкен көмек көрсетті: Ресей авиация бөлсе, Иран Ливаннан «Хезболла» күштері мен басқа да топтарды жіберді. Алайда бұл жолы Иранның күші Израильмен соғыс салдарынан әлсіреді: «Хезболла» жетекшілігінің көп бөлігінен және 4000-нан астам сарбазынан айырылды.[9] Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Сириядан мыңдаған әскерін шығарды. Сонымен қатар, Ресей басшылығы Асадтың Түркия президенті Ердоғанмен келіссөздерге барудан бас тартқанына ашулы болды.[9]

Шабуылдың алғашқы 10 сағатында көтерілісшілер 20 қала мен ауылды, соның ішінде Урм әл-Кубра, Анджара, Урм әс-Сугра, Шейх Акиль, Бала, Аджил, Авиджил, әл-Хавта, Таль әд-Дабаа, Хайр Даркал, Кубтан әл-Джабаль, әс-Салум, әл-Касимия, Кафр Бисин, Хавр, Азназ және Басратун елді мекендерін бақылауға алды. Сонымен қатар, үкімет күштерінің 46-полк базасы қоршауға алынып, бірнеше сағаттан кейін көтерілісшілердің қолына өтті.[12][13][14] Бірқатар дереккөздер ресейлік әскери қызметшілердің көтерілісшілердің тұзағына түскенін хабарлады, бірақ шығындар туралы ақпарат жоқ.[15][16] Сирия әскері Ресейдің ӘӘК қолдауымен көтерілісшілердің Алеппоға қарай ілгерілеуін тоқтатуға тырысты.[17] Ресейдің жойғыш ұшақтары Атариб, Дарат-Изза және жақын маңдағы ауылдарға әуе соққыларын жасады, ал үкімет күштері көтерілісшілер бақылауындағы Идлиб, Ариха, Сармада және провинцияның оңтүстігіндегі басқа да аудандарға шабуыл жасады.[18][19][20]

28 қараша: Хайят Тахрир аш-Шам күштері Идлибтің шығыс бөлігіне шабуыл жасап, Дадих, Кафер-Батих және Шейх-Али ауылдарын, сондай-ақ Серакиб қаласының бір ауданын басып алды. Осылайша, көтерілісшілер стратегиялық маңызды М5 шоссесінен 2 км қашықтықта орналасты. Бұл маршрутты 2020 жылы үкіметті қолдайтын күштер қорғаған болатын. ХТШ сондай-ақ Алеппоның шығысында орналасқан Аль-Найраб әуежайына шабуыл жасады, онда про-ирандық топтар бар еді.[21] Түстен кейін ХТШ Алеппоның батыс бөлігіндегі Кафр-Басин, Арназ, Әл-Барфум, Әл-Эйс, Бирну және Әл-Зарба ауылдарын басып алып, М5 шоссесін жауып тастады.[22] Күннің соңына қарай сириялық көтерілісшілер 40-қа жуық қала мен ауылды өз бақылауына алды.[23] Сонымен қатар, көтерілісшілердің бірнеше тобы САА формасын киіп, Алеппоның батысындағы және М5 трассасындағы үкіметшіл әскерлердің тылына кіруге тырысты, бірақ бұл әрекеттер сәтсіз аяқталды.[24]

Remove ads

Шығындары

Сириялық адам құқықтарын бақылау орталығының хабарлауынша, «Хайят Тахрир аш-Шам» ұйымының 245 мүшесі және оларға одақтас топтардың 54 көтерілісшісі қаза тапқан. Үкімет күштері 199 адамынан айырылған.[21][22][25][26][27][28][29]

Иранның мемлекеттік БАҚ-тары Алеппода көтерілісшілер қолынан Сирияда әскери кеңесші болып қызмет атқарған Ислам революциясы сақшылары корпусының (ИРСК) бригадалық генералы Киумарс Пурхашемидің қаза тапқанын хабарлады.[23]

Remove ads

Анализ

Әртүрлі сарапшылардың пікірінше, сириялық көтерілісшілер Израильмен соғыс салдарынан «Хезболланың» әлсіреуі, Иранға қысым және Ресейдің Украинаға қарсы соғыс жүргізуі нәтижесінде пайда болған вакуумды пайдаланып отыр. Дәл осы күштер азаматтық соғыс кезінде Асадтың билікте қалуына көмектесті.[23][30]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads