Сириялық оппозиция

From Wikipedia, the free encyclopedia

Сириялық оппозиция
Remove ads

Сириялық оппозиция (араб.: المعارضة السورية‎, әл-Муъарадат әс-Сурийә) — Сириядағы Башар әл-Асадтың баастық үкіметіне қарсы топтарды сипаттайтын ортақ термин. Қуғындағы үкімет болған бұл бірнеше үкіметтен басқа әл-Асадқа қарсы тағы Рожава автономиясы мен Ислам мемлекеті жиһадистік ұйымы бар еді.

Quick facts

Сирия азаматтық соғысына дейін Сириядағы «оппозиция» (араб.: المعارضة‎, әл-Муъәрадат) сөзі ресмилеу оппозиция жайлы, мәселең Демократиялық өзгерістер үшін ұлттық үйлестіру комитеті қолданылатын. 2011 жылдың соңына қарай Сирия оппозициялық топтары жаңа бағыт алып, Сирия ұлттық кеңесі (СҰлтКең) коалициясына бірікті, халықаралық қолдау көрді. СҰлтКеңді қолдаған, не нағыз үкімет ретінде таныған елдер арасында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 17 мемлекет, соның ішінде Қауіпсіздік Кеңесінің 3 тұрақты мүше-мемлекеті (Франция, Ұлыбритания, АҚШ) болды.

Кеңірек болған Сирия революциялық және оппозициялық күштерінің ұлттық коалициясы ортақ тобы 2012 жылғы қарашада құрылды. Парсы шығанағының араб әріптестік кеңесі оны «сириялық халықтың заңды өкілі» десе, Араб лигасы оны «сириялық халық ұмтылысының нағыз өкілі» деген. Сирия ұлттық коалициясының Араб лигасындағы Сирия орнын алғаны жайлы келіссөздер жүрген, алайда коалицияның Женевадағы конференциядан бас тартуына қарсы наразылық ретінде Ұлттық кеңес 2014 жылғы 20 қаңтарда коалициядан кетті. Араларындағы қысымға қарамастан Ұлттық кеңес пен өзге де оппозиция бір-бірімен араласа берді, 2015 жылғы қазанда Астана, Қазақстанда келіссөз жүргізді.

2018 жылғы наурызда ORB жүргізілген сауалнама бойынша Сирия халқының 40% Сирия үкіметін, 40% сириялық оппозицияны (жалпы), 15% Сириялық демократиялық күштерді, 10% ан-Нусра майданын және 4% Ислам мемлекетін қолдайды деді (бірнеше фракцияны да жақтайтындар саналады).[3]

2024 жылғы желтоқсанда түрлі жақта болған оппозиция бірігіп үкіметке қарсы шабуылдар жасады, нәтижесінде Асад режимінің құлауы орын алды.

Remove ads

Саяси топтары

Сириялық оппозицияның тұрақты, не ресми құрылымы жоқ. 2015 жылғы желтоқсанда оппозиция мүшелері Эр-Рияд, Сауд Арабиясында кездесті: кездесуге 34 топ келіп, үкіметке қарсы біртұтас оппозиция делегациясын құруды мақсат қылды.[4] Айтып кетуге болатын топтар арасында:

  • 2012 жылғы Женева келісімін және өтпелі үкімет құруды қолдайтын Сирия революциялық және оппозициялық күштерінің ұлттық коалициясы;
  • биліктің бейбіт ауысуын қалаған Демократиялық өзгерістер үшін ұлттық үйлестіру комитеті;
  • қарулы топтар:
    • Джейш әл-Ислам
    • Ахрар аш-Шам
    • Оңтүстік майдан бар.

2015 жылғы желтоқсандағы кездесуде осы топтар болмады:

  • Күрд ДОП партиясы мен оның одақтастары;
  • Джебхат ан-Нусра сияқты сәләфи қарулы топтары.
Remove ads

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads