Солтүстік Мариана аралдары

From Wikipedia, the free encyclopedia

Солтүстік Мариана аралдары
Remove ads

Солтүстік Мариана аралдары (ағылш. Northern Mariana Islands), ресми атауы Солтүстік Мариана аралдар достастығы (ағылш. Commonwealth of the Northern Mariana Islands; чаморро: Sankattan Siha Na Islas Mariånas; каролин: Commonwealth Téél Falúw kka Efáng llól Marianas) – енгізілмеген А.Қ.Ш. территориясы және оның ішкі достастығы. Тынық мұхитында орналасқан және 14 аралдан құралған. Ішіне Мариана архипелагының ең солтүстік аралдары бар, Гуам санамағанда (жері өзінің жеке А.Қ.Ш. территориясы қылып саналады).

Quick facts Мемлекеттік құрылымы, Географиясы ...

Халқының көбісі Сайпан, Тиниан және Рота аралдарында тұрады. Қалғандарындағы халық тығыздығы өте төмен, соның ішінде Паганды ерекшелетуге болады. Кезінде мыңдаған адамдар тұрса да, көптеген себептерге байланысты, халық саны күрт түсті.

Административті орталығы – Капитол төбесі, Сайпанның солтүстік-батысындағы ауыл. Алайда, адамдардың көбі астананы Сайпан деп санайды, өйткені аралдың барлығы да өзінің біріккен административті бірлігі қылып жұмыс істейді.

Remove ads

Тарихы

Арғы Океанияның ішінен санағанда Солтүстік Мариана аралдарында адамдар ең бірінші қоныстанды. Сол жерге жету үшін жасалған жолдары австронезиялық тайпалардың тарихындағы ең ұзын сапары деп саналады. Археологиялық зерттеулерге сүйенсек, Тиниан Тынық мұхитының ең бірінші қонысталынған аралы болуы мүмкін.

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads